Все новости за 21 қазан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Павлодарда тыныштықты бұзғаны үшін 30 тұрғын жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күні «102» операторлар пультінде 1200-ден астам шақырту тіркелген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
-
Заңсыз балық аулағандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынған.
-
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жаңа мүшелері сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясы өтті, оның барысында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жаңа мүшелері сайланды.
-
«Еңбек» арқылы «екі қолға бір күрек» тапқандар көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 айда 526,2 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Ол арқылы 338,2 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 189,4 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды.
-
БАӘ-ден гуманитарлық көмек келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері қорғаныс ведомстволары арасындағы екі жақты әскери ынтымақтастық шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласына гуманитарлық көмек жеткізілді.
-
“Браконьер”. Қарағандылық полицейлер 117 құқық бұзушылықты анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 12 қазан – 11 қараша аралығында Қарағанды облысының аумағында “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған азаматтарға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
-
Өзбекстанда бес мыңдай құрылысшы бүлік шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Қашқадария облысының Гузар ауданында Uzbekistan GTL зауытын салып жатқан мыңдаған жұмысшы бүлік шығарды.
-
Өзбекстан қазақтарының кіші құрылтайы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы" мен "Отандастар қоры " КЕАҚ бірлесіп ұйымдастырды.
-
COVID-19. Елордадағы стационар 2000-дай жолаушыны қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПТР тестісіз халықаралық рейстермен елордаға келген қазақстандықтар карантин стационарына жіберіледі, олар коронавирус инфекциясына тексеріледі.
-
Алматы облысында жол жөндеуге 61,7 млрд теңге бөлінген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Талдықорған – Өскемен», «Үшарал - Достық», «Күрті - Бурылбайтал» және «Ұзынағаш - Отар» республикалық жолдарының құрылысы мен реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр.
-
Дәурен Қуат: Саяси жүйені жаңғыртуға нақтылы қадамдар жасалып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Дәурен Қуат Мемлекет басшысының Парламент сайлауын өткізу туралы Қаулысына орай пікір білдірді.
-
COVID-19-дан кейін. Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық мүмкіндіктер Нұр-Сұлтан мен Лондонда қатар онлайн-конференция режимінде ұйымдастырылған «Kazakhstan Global Investment Forum 2020» Қазақстан-Британ инвестициялық форумы аясында талқыланды.
-
Әл-Фараби жайлы спектакльдің тұсаукесері өтеді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында 23-24 қазан күндері Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Ғұлама ғұмыр» драмасы сахналанады. Премьераның режиссеры Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.
-
Тоқаев: Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алуымыз керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Ақорда» резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Күй-аманат» мәресіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен 2019 жылы Жиделібайсын күй мектебінің көрнекті өкілі – Оразбек Сәрсенұлының күйлеріне әлеуметтік желі арқылы «Күй-аманат» атты онлайн-күй байқауын жарияланған болатын. Жақында байқау өз мәресіне жетті.
-
Жыл соңында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 894 млрд теңгеге жетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында мал басы мен құс саны орта есеппен 6,2%, ет пен сүт өндіру көлемі 3,6% артты. Жыл басынан бері 1084 басқа арналған алты тауарлы-сүт фермасы, 550 басқа арналған үш бордақылау алаңы іске қосылды.
-
Головкин – «Канело» ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақыты айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин мен WBA мен WBC чемпиондық белбеулерінің иегері Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек келер жылы өтуі мүмкін. Бұл туралы Golden Boy промоутерлік компаниясының президеніт Эрик Гомес мәлімдеді.
-
COVID-19. Оңтүстік Корея Қазақстанға 800 млн доллар көмек жібереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Корея Қазақстанға COVID-19-бен күресу үшін 800 миллион долларлық ПТР тестілері мен медициналық жабдықтарды жібереді.
-
Көшербаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Алматыда жалған туристік жолдамаларды сатқан алаяқ сотталды
Алматы, BAQ.KZ. Сотталушы клиенттерге бұрын жасалған жалған электрондық жолдамалардың түбіртектерін сатып, жеті миллион теңгеден аса пайда тапқан.
-
Жәнібек Әлімханұлы: Чемпиондарға 100% дайынмын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Forbes Kazakhstan басылымына берген сұқбатында әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.
-
Атырауда тойхана тігін цехына айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраулық кәсіпкер қаңырап қалған мейрамхананы тігін шеберханасына айналдырған. Қазір кеңейтілген тігін цехында 25 адам жұмыс істейді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
Алматы орталығындағы тұрғын үй жезөкшелерден тазартылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының орталығындағы тұрғын үй кешені жыныстық притондардан тазартылды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тамшылатып суару табысты арттырады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде күзгі жиын-теріннің нағыз қызған шағы. Диқандар өнімді жинауда тынбай еңбектеніп жатыр.
-
Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтырғандар тіркелді ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте жауап берді.
-
Кинотеатрлар «жасыл аймаққа» кіретін өңірлерде ғана ашылады – Ғиният
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен ҚР карантин шараларын күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы баспасөз конференциясында айтты.
-
Қайтадан қатаң карантин енгізілуі мүмкін бе? – ДСМ жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен онлайн брифинг кезінде алдағы екі айға жасалған болжам туралы айтып берді.
-
Алматыдағы ХҚКО-да көлік сатушы мен клиент төбелесті
Алматы, BAQ.KZ. Желіде екі жігіттің төбелесіп жатқан бейнесі тарады.
-
Локдаун. Сайлау өтпей қалуы мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен ҚР карантин шараларын күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы баспасөз конференциясында айтты.
-
2 млн-ға жуық азаматқа вакцина жасалды – Есмағамбетова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен ҚР карантин шараларын күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы баспасөз конференциясында айтты.
-
Әйелдер мен жастарға берілген 30% квота саяси жүйеге өзгеріс әкеледі – Шәукенова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді деп белгіленген ҚР Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді.
-
20 қазаннан бастап медицина қызметкерлерінен төлемақы алуға жаңа өтінімдер қабылданбайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен ҚР карантин шараларын күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы баспасөз конференциясында айтты.
-
ПТР тесті болмаған азаматтар еліне депортацияланады – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен онлайн брифинг кезінде айтып берді.
-
Қазақстандықтар 23 млн теңгеге «Салық әмиянын» толтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салық төлеу процессі тағы да жеңілдеп, бұрын талап етілген төлем құжаттары азайтылды.
-
Барлық өңірде нысандар санитарлық талаптарды сақтамай отыр – Есмағамбетова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен ҚР карантин шараларын күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы баспасөз конференциясында айтты.
-
Есмағамбетова қанша оқушы індетке шалдыққанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен ҚР карантин шараларын күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы баспасөз конференциясында оқушылар мен шетелден келген азаматтар арасындағы індетке шалдығудың көрсеткіштері туралы айтты.
-
Биыл Алматыдағы 383 гектар жер қала қарамағына өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов онлайн брифинг барысында айтты.
-
COVID-19. Елімізде вирустың өсуі байқалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да ҚР карантиндік шараларды күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.
-
Павлодарлық дәрігерлер қыркүйек айында айлықтарына үстемақы алды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Қыркүйек айында Павлодар облысының 2,3 мың медицина қызметкері айлықтарына үстемақы алды.
-
«Ауыл» партиясы Президенттің шешімін құптайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Facebook-тегі парақшасында Парламент және мәслихаттарға кезекті сайлаудың жариялануына қатысты мәлімдемесі жарияланды.
-
Әнуар Ахметжанов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ахметжанов Әнуар Мұратұлы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.
-
Сайлауға дайындық жүйелі жүргізілді – саяси сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қаулысына қатысты пікір білдірді.
-
Қазақстанның қарызы жыл сайын көбейіп, 2025 жылы 26 триллионға жақындайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Дания Еспаева үш жылдық бюджет жобасын талқылау барысында Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы мәселе көтерді. Оның айтуынша, ұлттық қарыздың ЖІӨ-ге шаққанда қазірдің өзінде белгіленген ішкі межеден асып кеткен.
-
Сайлауды өткізуге қанша қаражат кететіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге қанша қаражат жұмсалатынын айтты.
-
Фильтр бөлмелер жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздағы №5 емханада амбулаторлық науқастарға арналған екі фильтр бөлмелер ашылды.
-
Алдағы сайлауда 3 мыңнан астам мәслихат депутаты сайлануы тиіс – Петров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комисссиясының отырысында «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Ортсайлауком төрағасының орынбасары Константин Петров айтып берді.
-
Үш партия 637 500 теңге көлеміндегі жарнаны төлемейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК-ның отырысында комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.
-
Әлеуметтік әділдікті ұран етеміз – ҚКХП мүшесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров партияның алдағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауына қатысуға мүдделі екендігін айтты.
-
Күнтізбелік жоспардағы барлық шара бекітілген мерзімге сай өтуі керек – Имашев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күнтізбелік жоспардағы барлық шара бекітілген мерзімге сай өтуі керек, деді Орталық сайлау комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.
-
Елімізде алғаш рет партиялық тізім бойынша сайлау өтеді – саясаттанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім жетекшісі Алуа Жолдыбалина Президент Қ.Қ Тоқаевтың Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Қаулысына қатысты пікір білдірді.
-
Саяси партиялардың сайлауға дайындық уақыты жеткілікті болды – Имашев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саяси партиялардың сайлауға дайындық уақыты жеткілікті болды, деді Орталық сайлау комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.
-
#Желмая. Жылына 1 млрд теңге салық жинайтын ауылдар бар – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов «Желмая» жобасында қонақта болып, маңызды сұрақтарға жауап берді.
-
Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну қашан басталатыны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталады.
-
ҚХА сайлаудағы негізгі күнтізбелік жоспарын бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Комиссия төрағасының мүшесі Ерлан Дауылбаев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» айтып берді.
-
Елордада тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу қалай жүріп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық өршіп тұр. Пандемия кезінде көп отбасында әлімжеттік деректері тіркелді. Зорлық-зомбылық құрбандары қайда жүгіне алады? Оларға көрсетілетін көмек қандай? Осы және өзге сұрақтарға құзырлы орган мамандары жауап берді.
-
Тоқаев «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс форматында «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесу өткізді.
-
Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы басталды.
-
Қырғызстанда орыс тілі ресми болып қалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров Ресей елшісі Николай Удовиченкомен кездесу барысында мәлімдеді.
-
Әбдіқалықова Хұсейін Әмір-Темірді мерейтойымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қызылорда облысының «Құрметті азаматы» Хұсейін Әмір-Темірді қабылдап, мерейтой иесіне құрметін жеткізді.
-
Әлeуметтік кәсіпкерлік мектебі бизнестің қыр-сырын үйретуде
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қapaғaндыдa Sосіаl Тrust әлeумeттiк кәciпкeрлiк мeктeбiнiң қызметіне жүгінушілердің саны артқан. Қарағанды облысы Қaзaқcтaн хaлқы Accaмблeяcының қoлдaуымeн eкiншi жыл қатарынан қолға алынған семинар-тренинг биыл карантин шараларына байланысты онлайн түрде ұйымдастырылды.
-
Павлодар жедел жәрдем стансасы өзінің Telegram-ботын іске қосты
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы жедел жәрдем станциясы Telegram-ботын іске қосты. Енді тұрғындар телефон арқылы ғана емес, мессенджердің көмегіне де жүгіне алады.
-
Ұлттық экономика вице-министрі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әмрин Азамат Кемеңгерұлы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
-
Ашық сайлау науқанын ұйымдастыруға ниеттіміз – ҚКХП
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы мәлімдеме жасады.
-
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Шығыс айналма жолының бойында жантүршігерлік жол апаты болып, көлік жүргізушілерінің бірі мерт болды.
-
Мәжілісте алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлданды.
-
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әсем Нүсіпова ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
-
Нәзипа Құлжанова. Оның жеке іс қағаздары қайда?
Оның айтуынша, Нәзипаның өмірбаянын жазу барысында үлкен қиыншылық туғызған нәрсе – оның өз қолымен жазылған автобиографиялық, анкеталық деректердің, тұтастай алғанда, жеке іс-қағазының (личное дело – Г. К.) бізге жетпеуі болған. Тіпті 1917 жылға дейінгі мұрағаттар арасынан кездеспесе де, жиырмасыншы жылдардан бергі жерде әлеумет, баспасөз ісіне бел шеше араласқан оның, «Әйел теңдігі» («Қазақстан әйелдері»), «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналдарында жауапты қызметтер атқарған жанның құжаттарының бізге жетпегені өкінішті жағдай.
-
«Ақ жол» партиясы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» орталық кеңесінің президиумы мәслихаттар мен мәжіліс депутаттарының партиялық тізімдер бойынша сайлауын тағайындау туралы ел Президентінің жарлығына қатысты мәлімдеме жасады.
-
Павлодарда бір мектеп карантинге жабылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы бір орта мектеп карантинге жабылды. Білім беру ордасының төрт оқушысы мен бір мұғалімінде коронавирустық инфекция анықталды.
-
Алматы облысында 56 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 2020 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша 56 160 жұмыс орны ашылды.
-
Қазақстанда 9 айда 78 млн тонна көмір өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің көмір өндіруші компаниялары 2020 жылдың 9 айында 78 млн. тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99%-ды құрайды.
-
ШҚО-да жүзеге асқан жобалар аясында 4,4 мың адам жұмыспен қамтылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде облыста сомасы 8 миллиард теңгеден астам қаражатқа абаттандыру бағытындағы 142 жоба іске асты.
-
Сәбит Нұрлыбай жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
-
Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасарлары тағайындалды.
-
Кәсіптер мен лауазымдар бойынша қызметкерлердің жалақысы анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Статистика комитеті қызметкерлердің табысына қатысты жүргізген зерттеу қорытындысын жариялады.
-
Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста қайтыс болған Глеб Щегельскийді бір минут үнсіздікпен еске алды.
-
Қар жауып, 13 градусқа дейін суытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 22-24 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Жастар денсаулығы орталығын дамытудың маңызы зор – дәрігер маман
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандылық жастарға қажетті ақпарат беру, олардың денсаулығын қорғау мақсатында құрылған «Дос» орталығының жұмыс істеп тұрғанына 10 жылдан асты. Осы уақыт аралығында орталық 200 мыңнан астам жасөспірімге кеңес беріп, қамқорлық көрсеткен.
-
Мамин Мәжіліске келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына үкімет басшысы Асқар Мамин келді.
-
Нығматулин: Парламент сайлауы - халқымыз үшін өте маңызды саяси қадам
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алдағы Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді.
-
Қанат Ержігіт: Мақсатымыз – ұлттық өнерді қайта жаңғырту
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Dombyra» ұлттық телеарнасының шығармашылық тобы «Ұлы Дала сазы» жобасы аясында ел ішіндегі талантты өнерпаздарды насихаттау мақсатында Ақмола өңірінде түсірілім жұмыстарын бастады. Он бір күнге жоспарланған экспедиция жұмысы жайлы телеарнаның директоры Қанат Ержігіт айтып берді.
-
СҚО-да 1000 гектардан астам алқапта дала өрті сөндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО Тайынша ауданында 1000 гектардан астам алқапта дала өрті сөндірілді.
-
Газдандыру. Қарағанды 2021 жылы табиғи газға қосылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. «Сарыарқа» газ магистралінің құрылысы аясында Қарағандының бірқатар ірі қаласы мен жүзден аса елді мекеннің тұрғындары табиғи газбен қамтылады. Газ құбырының құрылысы кестеге сай жүзеге асырылуда.
-
Жүрек ақауын анықтайтын «Холтер» аппараты шалғай ауданда да бар
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде ересектермен қатар жастар арасында да жиі кездесіп жүрген жүрек-қан тамырлары ауруы сала мамандарын алаңдатуда.
-
«Саяси реформалар тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда жүруі тиіс» деген жаңсақ пікір бар – Саиров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Осы ретте Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров пікір білдірген еді.
-
Қарағанды қаласында «Арай» базары өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қазанда сағат 00:07-де Қарағанды қаласындағы «Арай» базарындағы өрт туралы хабар түскен.
-
Әшімбаев: Алдағы сайлау толығымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мәжіліс сайлауын тағайындау туралы пікір білдірді.
-
Жыл соңына дейін 55 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында баспана мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар мықтап қолға алынған. «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары аясында осы мақсатта қыруар қаржы да бөлінген.
-
COVID-19: 181 бала ем қабылдап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 662 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 220 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 21 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
-
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ресей елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.
-
Атырауда түрлі бизнес ашылып жатыр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құны 4,1 трлн теңге құрайтын 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Іске асса 2315 адам жұмыспен қамтылады.
-
Сағынтаев: Көптен күткен шешім қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасын мақұлдады.
-
Өткен тәулікте 143 адамнан коронавирус расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 143 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.
-
Өткен тәулікте коронавирустан қанша адам емделіп шықты?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 156 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.
-
Мемлекет басшысы үндеу жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады, деп хабарлайды Ақорда.
-
Тоқаев Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды, деп мәлімдеді Ақорданың ресми сайты.
-
Бүгін Шымкентте ауа ластануы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары 21 қазан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.
-
21 қазанға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қазанда еліміздің солтүстік, оңтүстік-батыс және батысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Forbes журналының тізіміне Елбасының 3 туысы енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Forbes журналы құрастырған Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізіміне тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үш туысы кірді. Бұл оның қызы Динара Құлыбаева, күйеу баласы Тимур Құлыбаев және немересі Нұрәлі Әлиев, деп хабарлады EADaily сайты.
-
Досының мәйітін жертөлеге жасырған күдікті 11 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бала кездегі досын пышақтап өлтіріп, денесін үйіндегі жертөлеге көміп тастаған Виталий Валитов 11 жылға сотталды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
-
Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 21 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
-
Қонаевтың құрметіне салынған ескерткішті танымал мүсінші сынға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Дінмұхамед Қонаев бейнеленген ескерткіштің суреті мен видеосы тарап жүр. Мүсіншілер мен желі қолданушылар жаңа монументті сынға алды. Себебі оны талғамсыз жасаған, тіпті, пропорциясы да сақталмапты.
-
Медеу мен Шымбұлақ қашан ашылады? - бас санитар жауабы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Медеу» мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғысы кешендерінің жұмысы жайлы айтты.
Наверх