Барлық өңірде нысандар санитарлық талаптарды сақтамай отыр – Есмағамбетова

21 Қазан 2020, 17:02
1397
Бөлісу:
Барлық өңірде нысандар санитарлық талаптарды сақтамай отыр – Есмағамбетова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен ҚР карантин шараларын күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу туралы баспасөз конференциясында айтты. 

Бүгінде халықтың коронавирус инфекциясына қатысты сақтық шаралары төмендеп кетті. Оны біз жүргізіп отырған тексеру шаралары да растап отыр. 18 қыркүйектен 19 қазанға дейін мониторинг топтары 45 мыңнан астам нысанды тексерді. Олардың 16 пайызы санитарлық талаптарды сақтамағаны анықталды. Барлық өңірде нысандар санитарлық талаптарды сақтамай отыр. Ең көбі Алматыда - 41 пайыз, Нұр-Сұлтанда - 32 пайыз, Алматыда - 28 пайыз, СҚО-да 25 пайыз тіркеліп отыр. Азаматтардың  маска тақпауы бойынша да деректер тіркелді. Ол жұмыс нысандары мен жеке тұлғалар арасында да кездесті,  - деді ол. 

Есмағамбетова атап өткендей, әрбір азаматтың әрекетіне коронавируспен сәтті күресудің нәтижесі байланысты болады. 

Науқастардың көп және аз болуы азаматтарға байланысты. Санитарлық талаптың қандай екенін барлығын біледі. Олар өте қарапайым әрі көп шығынды талап етпейді. Отбасы мен жұмыста адамдар маска тағу, қол гигиенасы мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау сынды санитарлық талапты орындауы керек. Бұл шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақты етіп сақтауға мүмкіндік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы