Саяси партиялардың сайлауға дайындық уақыты жеткілікті болды – Имашев

21 Қазан 2020, 15:11
1501
Бөлісу:
Саяси партиялардың сайлауға дайындық уақыты жеткілікті болды – Имашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саяси партиялардың сайлауға дайындық уақыты жеткілікті болды, деді Орталық сайлау комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев. 

Сайлау заңнамасына сәйкес, мәслихаттар депуттарының кезекті сайлауын орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкілеттік мерзімі аяқталуынан кемінде 3 ай бұрын тағайындайды. Сайлау мәслихаттардың конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталуына кемінде 1 ай қалғанда өткізілуі тиіс. 2016 жылы сайланған мәслихат депутаттарының өкілеттігі 2021 жылдың наурызында аяқталады, - деді ол. 

Ол атап өткендей, 2018 жылы «Сайлау туралы» конституциялық заңға сайлау процесіндегі саяси партиялардың құқықтарын едәуір кеңейте түсетін өзгерістер енгізілді. 

Заңға сәйкес, мәслихат депутаттары партиялық тізімдер бойынша сайланады. Мәслихаттар депутаттарды сайлаудың пропорционалды жүйесіне көшу 2007 жылғы конституциялық реформаның логикалық жалғасы болып табылады. Мұнымен бірге республикалық және жергілікті деңгейлерде өкілді органдарды құру жөніндегі тәсілдерді бір ірге келтіреді, - деді ол. 

Имашев атағандай, Мемлекет басшысы бүгінгі үндеуінде атап өткендей, пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді. Саяси жүйені нығайтуға демократияны дамытуға ықпал етеді. 

Осыған дейінгі 2007,2012 және 2016 жылдардағы үш шақырылымы пропорционалды жүйе бойынша сайланды. Саяси бәсекелестіктің негізгі субъектілеріне айналып отырған саяси партиялар өңірлік деңгейде де депутаттық мандаттар үшін күреске нық сеніммен кірісу үшін жеткілікті тәжірибе жинады. Орталық сайлау комиссиясы жаңа форматтағы мәслихаттар сайлауына дайындық аясында саяси партиялар мен өзара іс-қимыл бойынша барлық қажетті шараны қабылдады. Осыдан екі жыл бұрын АҚДМ-мен бірлесіп, отырыс өтті. Онда барлық саяси партияға жарғылық құжаттарды заңнаманың жаңа нормаларына сәйкестендіру туралы хабарланған. Саяси партиялардың сайлауға дайындық уақыты жеткілікті болды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы