“Браконьер”. Қарағандылық полицейлер 117 құқық бұзушылықты анықтады

21 Қазан 2020, 22:07
1375
Бөлісу:
“Браконьер”. Қарағандылық полицейлер 117 құқық бұзушылықты анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 12 қазан – 11 қараша аралығында Қарағанды облысының аумағында “Браконьер” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған азаматтарға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Іс-шараның мақсаты табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 117 дерегін анықтады. Тәртіп бұзушыларға 600 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

Анықталған құқық бұзушылықтардың 57 фактісі аң аулау ережелерін бұзу, 29 фактісі балық аулау ережелерін бұзу, 20 фактісі азаматтық қаруды сатып алу, беру, тасымалдау тәртібін бұзу, 6 фактісі қаруды заңсыз сатып алу, беру, сақтау, тасымалдау және 2 фактісі ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жоюаға  қатысты - дейді табиғат қорғаушылар.

Өзгелердің жаңалығы