Медеу мен Шымбұлақ қашан ашылады? - бас санитар жауабы

21 Қазан 2020, 00:25
1859
Бөлісу:
Медеу мен Шымбұлақ қашан ашылады? - бас санитар жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Медеу» мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғысы кешендерінің жұмысы жайлы айтты.

Оның айтуынша, «Медеу» мұз айдынының ашылуының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. 

Осы туристік нысандарға келсек, олардың оң және теріс тұстары бар. Ашуға тыйым салынатын себебі – адам көп жиналады. Жақсы жағына келсек, бұл жерде ультракүлгін сәуле көп. Ол әлбетте вирусты жоюға септігін тигізеді, - деді Жандарбек Бекшин. 

Одан бөлек, бас санитарлық дәрігер «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын ашу туралы ұсыныс түспегенін айтты. Ал «Медеу» мұз айдыны басшылығының ұсынысын қазір қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қарап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы