Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтырғандар тіркелді ме?

21 Қазан 2020, 18:14
1129
Бөлісу:
Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтырғандар тіркелді ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте жауап берді.

Қазақстанда КВИ-ді екінші рет жұқтырудың жағдайы тіркелді ме деп журналист сауал жолдады.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын жұқтырып ауырғандардың арасында қайталап жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ, - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова онлайн брифинг барысында.
Айта кетейік, әлемде аурудың өсуі жалғасып келеді. Еуропа мен Азия кейбір елдерінде ауру  ушығуда. Мысалы, өткен апта Германияда індеттің өсуі байқалды. Ол жақта бір тәулік ішінде 7 000-нан астам адам тіркелген. Украинада 5 400 жағдай. Ресейде 16 319 жағдай, бір тәулік ішінде Испанияда 13 870 жағдай, Францияда 20 мыңнан астам, Чехияда 12 мыңға жуық, Италияда 10 мыңнан астам жағдай тіркелді. 

Қазақстанда 21 қазандағы жағдай бойынша 109 766 науқас тіркелді, оның ішінде 105 301 науқас сауығып шықты. 2 662 адам ем қабылдап жатыр. Соңғы тәулікте COVID-19 вирусын 143 адам жұқтырғаны тіркелді.

Сонымен қатар ОКҚ-да өткен брифингте карантин енгізілу-енгізілмеуі туралы айтылды.

Өзгелердің жаңалығы