Фильтр бөлмелер жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды

21 Қазан 2020, 15:44
3749
Бөлісу:
Фильтр бөлмелер жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздағы №5 емханада амбулаторлық науқастарға арналған екі фильтр бөлмелер ашылды. 

Қазіргі жұқпалы аурулар өршіп тұрған шақта бұл кабинеттердің маңызы зор. Дертті енді ғана жұқтырған азаматтардан ары қарай тарауын тежеуге болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі келтірген мәліметтерге сәйкес, Жамбыл облысында арнайы сүзгі бөлмелерінде күніне 50-60 адам тексеруден өтеді. Көбінде жоспарлы ем шаралары қабылданады немесе жүкті әйелдерден ПТР-сынама алынады. Бұдан бөлек дәрігерлер күн сайын ЖРВИ белгілері бар 5-6 науқасты қарайды.

Фильтр бөлмелер жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды

Алғашқы фильтр бөлмені ашудағы негізгі мақсат – жедел респираторлы вирустық инфекцияның (ЖРВИ), яғни, безгек, жөтел және т. б. белгілерін анықтау. Симптомдары бар науқастарды жедел оқшаулау маңызды. Екінші фильтр бөлмесі келген азаматтарды белгілері бойынша бөлу, жүкті әйелдер мен балаларды оқшаулауға арналған. Науқастарда коронавирус инфекциясы бар болған жағдайда оларды бірден оқшаулап, қажет болғанда амбулаторлық емдеу шаралары қолданылады.

Фильтр бөлмелер жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды

Осы арқылы пневмония секілді өкпені жасанды желдетуді қажет ететін аурулардың өршімеуін қамту мақсат етілуде. Мұнда емделушілерге дәрігер мен екі медбике қызмет көрсетеді. Ақ халаттылар бөлек есіктен кіреді. Арнайы қорғаныш киімдерін киіп барып, фильтр бөлмеге өтеді. Науқастарға қызмет көрсетіп болған соң, олар арнайы киімдерін шешіп, басқа, тағы бір бөлек есік арқылы шығып тұрады, - делінген хабарламада.

Пациенттерде «коронавирустық инфекцияны» анықтаған ПТР-сынамалар нәтижелері электронды мәліметтер базасына енгізіледі. Кейін олармен байланыста болған азаматтар тізімі анықталады. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар арнайы мобильді бригадамен үйден қаралады. Олардан да ПТР-сынамалар алынады. Фильтр бөлмелерде жұмыс істейтін мамандар қорғаныш құралдар және пульсоксиметрлермен толықтай қамтылды. Келешекте емханаға коронавирустық инфекцияның алдын алуды мақсат еткен пациенттерді де сұрыптау жоспарланып отыр

Өзгелердің жаңалығы