Қар жауып, 13 градусқа дейін суытады

21 Қазан 2020, 11:35
2895
Бөлісу:
Қар жауып, 13 градусқа дейін суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 22-24 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. 

Онымен бірге жауын-шашын келеді, жаңбыр қарға ұласады. Әсіресе, бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді. Кей жерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. 

Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады. Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында 5-13 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді.


Өзгелердің жаңалығы