Павлодарда тыныштықты бұзғаны үшін 30 тұрғын жазаланды

21 Қазан 2020, 23:30
1520
Бөлісу:
Павлодарда тыныштықты бұзғаны үшін 30 тұрғын жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күні «102» операторлар пультінде 1200-ден астам шақырту тіркелген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Демалыс күндері полиция қызметкерлері «102» операторының пультіне түскен 1258 қоңырауға қызмет көрсетті. Оның 200-і аулаларда алкогольдік ішімдіктерді ішу фактісі болса, 105-і отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылық фактісі және 40 факті түнгі уақытта тыныштықты бұзуға қатысты, - деді жедел басқару орталығының бастығы Тимур Шәудіров.  

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 100-ден астам адам уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына орналастырылды, 80 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Тыныштықты бұзғаны үшін 30 павлодарлық жазаланды. 

Полиция егер де құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда бұл туралы «102» телефонына дереу хабарлау  қажет екенін еске салады.
Өзгелердің жаңалығы