«Ақ жол» партиясы мәлімдеме жасады

21 Қазан 2020, 12:49
3188
Бөлісу:
«Ақ жол» партиясы мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» орталық кеңесінің президиумы мәслихаттар мен мәжіліс депутаттарының партиялық тізімдер бойынша сайлауын тағайындау туралы ел Президентінің жарлығына қатысты мәлімдеме жасады. 

Жиын барысында аталған партияның төрағасы Азат Перуашев биылғы мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы кезекті сайлау болғалы тұрғанын атап өтіп, Президенттің шешімін қолдайтындарын жеткізді.

2020 жылғы 21 қазанда ҚР Президенті «Мәслихаттар мен мәжіліс депутаттары сайлауын тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды. «Ақ жол» демократиялық партиясы бұл шешімді құптайды және қолдайды. Мәслихаттар мен Парламент мәжілісіне сайлауды бір мезгілде өткізу мемлекеттің ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл қазіргі экономикалық жағдайында маңызды. «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстандағы жетекші саяси ұйымдардың бірі ретінде аталған сайлауға өзінің қатысатынын мәлімдейді. Партия мүшелері 2012 жылдан бері Парламент мәжілісінде тұрақты түрде парламенттік фракцияны құрайды. «Ақ жол» партиясы алдағы уақытта да халық мүддесіне парламенттік институттарды енгізуге, нарықтық экономиканы дамытуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуде қызмет ететін болады, - деді партия төрағасы 

 

Сонымен қатар ол ҚР Сайлау туралы заңына енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес тізімге әйелдер мен жастарды енгізу жөніндегі квотаны сақтай отырып қалыптастыратынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы