Дәурен Қуат: Саяси жүйені жаңғыртуға нақтылы қадамдар жасалып келеді

21 Қазан 2020, 20:59
2899
Бөлісу:
Дәурен Қуат: Саяси жүйені жаңғыртуға нақтылы қадамдар жасалып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Дәурен Қуат Мемлекет басшысының Парламент сайлауын өткізу туралы Қаулысына орай пікір білдірді.

Бәлкім, уақыттың тегеурініне шыдау мүмкүін болмаған шығар, бәлкім, саяси жүйенің талабы мен саяси жүрістірінен алданып қалмаудың қиындығынан қиындық көрген шығар, көп жігіттер өздері қоғамдасып құрған биліктен қашты, қаштыңыз не, қарсы шықты. Сол кезде мызғымаған бір адамды білемін, ол – Қаскең – Қасым-Жомарт Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаев деген кісіңізді мен ұлтын, қазағын сүйетін, сүюдің сұмдығы мен шындығына шыдап, төзе білетін тұлға деп білемін. Қисайтпай, қиратпай қазағын мына қым-қуыт заманнан алып шығу оған аманат - деді ол.

Сонымен қатар ол мемлекетіміздегі саяси жүйені жаңғыртуға нақтылы қадамдар жасап келе жатқанын айтады.

Ал енді, ресми мәлімет: Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа аранаған Үндеуін қанағаттанарлық сезіммен оқып шықтым. Қазақстан бүгіндері әлемдік демократиялық үрдістерге үн қатып, мемлекетіміздегі саяси жүйені жаңғыртуға нақтылы қадамдар жасап келе жатқанын көріп отырмыз. Осы орайда жаңа ұстанымдарға байланысты парламенттік оппозиция институтын қалыптастырып, заң шығарушы органның бір коммисиясына төрағалық етуді, сонымен бірге екі хатшының оппозициялық депутаттар арасынан сайлануы бұрын-соңды болмаған үрдіс екенін айтқым келеді. Бұл көзқарастар мен пікірлердің саналуандығы мен қабылданатын шешімдердің жан-жақтылығын қамтамасыз етеді деп сенемін - дейді Дәурен Қуат.

Жаңа тұжырымдамада сонымен бірге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота берілуін нақтылай түседі. 

Бұрын бұл мәселе ауызша ғана сөз болып келсе, енді орындалуы тиіс құжат болатыны түсінікті. Демек, Президентіміз айтқандай, бұрындары шетқақпай көріп келген әйелдер қауымы мен жастар Парламетте ғана емес, жергілікті органдарға да кеңінен тартыла бастамақ. Үндеуде айтылған мәслихаттар сайлауының партиялық тізім бойынша өтуі көптен бері қоғамда талқыланып келе жатқан дүние. Одан кейін жергілікті әкімдердің сайланып қойылуы өз шешімін табады деп сенемін. Осылайша демократия құндылықтары күнделікті өмірімізге еніп, қазақстандық қоғамның ізгіленуі жеделдей түспек - дейді Ұлттық кеңес мүшесі.
Өзгелердің жаңалығы