Қырғызстанда орыс тілі ресми болып қалады

21 Қазан 2020, 14:24
1838
Бөлісу:
Қырғызстанда орыс тілі ресми болып қалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров Ресей елшісі Николай Удовиченкомен кездесу барысында мәлімдеді.

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Елдің ішкі саяси жағдайы тұрақталды. Қырғызстандағы ішкі саяси жағдайдың тұрақтануына Ресей Федерациясының қосқан ерекше үлесін атап өткім келеді. Бұған дейін болғандай Ресей біздің елдің сенімді стратегиялық серіктесі болып қала береді, - деді Жапаров.

Елшінің сөзінше, Қырғызстан мен Ресейді жақын және жылы қарым-қатынас байланыстырады.

Өз кезегінде Жапаров Конституцияға сәйкес орыс тілі елдің ресми тілі болып қалатынын және оның мәртебесін ешкім ауыстырмайтынын айтты. Осы ретте ол Қырғызстан ауылдарында тұратын азаматтарға орыс тілін үйрету үшін орыс тілі пәні мұғалімдерінің санын көбейту мәселесін көтерді.


Өзгелердің жаңалығы