Көшербаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

21 Қазан 2020, 19:18
1582
Бөлісу:
Көшербаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн форматта әдебиет және өнер саласы бойынша 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. Комиссия отырысында әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша байқаудың екінші кезеңіне өткен 11 жұмыс қаралды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, отандық шығармашылық зиялы қауым өкілдерінен құрылған Комиссия мүшелері конкурстың екінші кезеңіне өткен шығармалардың қоғамда талқылану барысы жөніндегі Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың ақпаратын тыңдады.

Комиссия жасырын дауыс беру арқылы әдебиет және өнер саласы бойынша 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын иеленетін үміткерлерді анықтады. Олардың тізімі Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын болады.

Дәстүр бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегерлерін марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.


Өзгелердің жаңалығы