Заңсыз балық аулағандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынған

21 Қазан 2020, 23:02
1560
Бөлісу:
Заңсыз балық аулағандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион теңгеден аса  әкімшілік айыппұл салынған.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен  онлайн брифингте облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы мәлімдеді. 

Балық ресурстарын сақтау мақсатында полиция және шекара қызметінің күшімен браконьерлікпен күреске бағытталған іс-шаралар күн сайын өткізіледі. Сол  жұмыстардың нәтижесінде  осы жылы өңірде балық қорғау заңнамасын бұзған  1 886 факт анықталды. Оның ішінде 1 050 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  5 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион 724 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі  де жалғасуда, - деді Артур Сәдібекұлы.

Өзгелердің жаңалығы