ҚХА сайлаудағы негізгі күнтізбелік жоспарын бекітті

21 Қазан 2020, 14:56
1077
Бөлісу:
ҚХА сайлаудағы негізгі күнтізбелік жоспарын бекітті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Комиссия төрағасының мүшесі Ерлан Дауылбаев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» айтып берді. 

2007 жылдан бастап ҚХА атынан Парламент Мәжілісінің 9 депутатын сайлау конституциялық құқығы іске асырылып отыр. Қазақстан халқы ассамлеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы ассамблея кеңесіне тиесілі. ҚХА кеңестің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. ҚХА-мен сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлауға 1 ай бұрын, яғни 11 желтоқсанда басталып, 21 желтоқсанда аяқталады, - деді Ерлан Дауылбаев. 

Оның айтуынша, кандидаттарға қойылатын талаптар партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидатына қойылатын талаптардан ерекшеленбейді. 

ҚХА сайланатын Парламент Мәжіліс депутаттарын сайлауы ҚХА-ның сессиясында өткізіледі. Сессияны ҚР Президенті шақырады. Сессия шақыру туралы үкім ол басталғанға дейін 30 күн бұрын қабылданады. Бұл туралы БАҚ-та хабарланады. ҚХА сайлайтын «Мәжіліс депутаттарын кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы жобасы бекітілді, - деді ол. 

Айта кетейік, қатысушылар қаулы жобасын бірауыздан қолдады.

Өзгелердің жаңалығы