Павлодар жедел жәрдем стансасы өзінің Telegram-ботын іске қосты

21 Қазан 2020, 13:45
1226
Бөлісу:
Павлодар жедел жәрдем стансасы өзінің Telegram-ботын іске қосты

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы жедел жәрдем стансасы Telegram-ботын іске қосты. Енді тұрғындар телефон арқылы ғана емес, мессенджердің көмегіне де жүгіне алады. 

Қазіргі уақытта хабарламалар сынақ жүзінде қабылданып жатыр. Тұрғындар көмекті шақырту үшін телеграм-ботты жүктеп алса болғаны. 

Жедел жәрдем стансасына хабарласқан адам нақты білмей жататын оқиғалар көп. Мәселен, далала ауырып қалған адамға шақырту жасады делік. Осындай жағдайда мекен жайды тура анықтау қажет етіледі. Telegram арқылы жасалған өтініш бірыңғай шұғыл желіде өңделеді, мамандар тез арада шақыртудың деңгейін анықтауы қажет. Әр санат үшін уақыт бойынша тәртіп бар. Мәселен, адам өміріне қауіп төнген жағдайда дәрігерлер бригадасы оқиға орнына 15 минутта жетуі керек, - дейді облыстық жедел-жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая. 

Бот қызметін іске қосу шешімі күрделі эпидемиологиялық кезеңде қабылданды. Себебі тұрғындар 103 номеріне хабарласа алмаған күндер болды. Сәйкесінше, шағымдар да көбейіп кетті. Мамандардың айтуынша, осы жылдың шілде айында стансаға тәулігіне 1100-ден астам қоңырау түскен. Ал орташа статистика 600 шақыртуды құрайды. Жаңа сервис қолданысқа толық енгізілген соң жедел жәрдем қызметі одан әрі жедел болмақ.


Өзгелердің жаңалығы