Павлодарлық дәрігерлер қыркүйек айында айлықтарына үстемақы алды

21 Қазан 2020, 16:35
1213
Бөлісу:
Павлодарлық дәрігерлер қыркүйек айында айлықтарына үстемақы алды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Қыркүйек айында Павлодар облысының 2,3 мың медицина қызметкері айлықтарына үстемақы алды.

Медицина мамандарының айлығына үстемақы төлеу жөніндегі аймақтық комиссиясы мүшелерінің шешімімен 565,6 млн теңге төлеу жоспарлануда. Облыстық әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өкілдерінің хабарлауынша, үстемақыны коронавирустық инфекциямен күрес жұмысына жұмылдырылған қызметкерлер алды.

Наурыз айында коронавируспен күреске 1,4 мың жұмыскер тартылды. Ал осы жылдың шілде айында олардың саны 5 мыңға жетті. Наурызда үстемақыны 1441 маман алды, бас-аяғы 143,3 млн теңге төленді. Ал сәуірде 2672 маман 371 млн теңге алды. Мамырда 2675 медицина қызметкеріне 503 млн теңге көлемінде үстемақы берілді. Ал шілдеде 4962 маманға үстемақы беруге 1,4 млрд теңге бөлінді, - дейді аймақтағы қор филиалының басшысы Нұрлан Қасымов.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында биыл екінші жартыжылдықта денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне ынталандыру үстемақыларды төлеу турасында тапсырма бергені белгілі.

Тапсырманы орындау мақсатында қор тарапынан жыл соңына дейін есептік болжамдар жасалды. Сала мамандары алдыңғы шептегі медицина мамандарына үстемақы бөлу жұмыстарын атқаруда, - дейді Нұрлан Қасымов.

Өзгелердің жаңалығы