Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құны 4,1 трлн теңге құрайтын 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Іске асса 2315 адам жұмыспен қамтылады.
«KPI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің газ-химиялық кешен құрылысы , яғни 1-кезең полипропилен өндірісі жобасы, «KLPE» ЖШС-ның газ-химиялық кешеніндегі полиэтилен өндірісі индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы құны 4 трлн теңгені құрайды. 1290 жұмыс орнын құру жоспарланған. Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде жалпы құны 57,4 млрд теңге құрайтын 1025 жұмыс орнымен 12 жоба іске асырылып жатыр. Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 659 жұмыс орнын құрумен құны 15,8 млрд теңгеге 8 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз, - дейді Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Абдуахит Әбішев.Басқарма басшысының сөзінше, бұл 8 жобаның бірі металл өңдеу зауыты жұмысты бастап кеткен. Ал қалған жетісі жыл соңына дейін іске қосылады. Олар құс етінің фабрикасы, металл құрылымдар шығаратын цех, полипропилен өндірісі, ас тұзын өндіретін зауыт және тағы басқалар.
Сондай-ақ, банктер және Аграрлы несие корпорациясы 40 жобаға 8,4 млрд теңгені көлемінде қаржы бөлген. Оған қоса екінші деңгейлі банктер арқылы да 6 жобаға қаражат бөлу қарастырылып жатыр екен.
Басқарма басшысының айтуынша, Атырау облысына инвестиция тарту күн тәртібінен түспейді.
Өңірге тікелей шетелден инвестиция тарту және инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп, ұйымдастырудамыз. Оған куә жыл сайынғы, яғни карантиндік ахуалға дейін өңір экономикасына инвестиция тарту мақсатында, «Атырау Ойл & Газ» және «Атырау Билд» Солтүстік Каспий Аймақтық көрмелерін өткізіп, жақын және алыс шетелдерде өтетін халықаралық инвестициялық шараларға белсенді қатысудамыз. Инвесторларға сапалы және жедел көмек көрсету мақсатында өңірде «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Atyrau Innovations» ЖШС мекемелер тиісті қызмет атқарады. Келесі «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақ өз қызметін атқаруда. Аумағында 10 қатысушы тіркелген. Бүгінгі күні ірі көлемді ауқымды жобалар іске асырылуда,-дейді Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Абдуахит Әбішев.
Сонымен қатар, басқарма басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» аясында Атырау облысы әкімдігі, Сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесе отырып жеке сипаттағы, сондай-ақ жүйелі сипаттағы бизнестің проблемалық мәселелерін шешу мақсатында арнайы сайт іске қосылғанын айтты.
Оқи отырыңыз: