Все новости за 25 тамыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қызылорда облысында 14 ауыл кең жолақты интернетке қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы аяқталып, 14 ауылдық елді мекен кең жолақты интернетке қосылды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
-
Қостанайлық азаматтың жоғалған 42 бас жылқысын полицейлер тауып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында полицейлер жоғалып кеткен бір үйір жылқыны иесіне қайтарды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Автомат асынған Лукашенко. Беларустегі жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларустегі наразылықтардың созылғанына 15 күннен астам уақыт болды, жексенбі, 23 тамызда Беларусь қалаларының көшелеріне жарты миллионға дейін адам шықты деп хабарлайды korrespondent.net.
-
Ресей: COVID-19 вакцинасының жаңа сынақтарына рұқсат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гамалея атындағы орталыққа коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеуден кейін сынауға рұқсат берілді деп хабарлады РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Алаяқтар сайт арқылы әуе билеттерін заңсыз сатқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің мамандары несие карталарының деректерін жинауға мүмкіндік беретін 2 алаяқтық схеманы анықтады. Фейк интернет-ресурстар авиабилеттерді онлайн-сату сайттары ретінде жұмыс істеген. Бұл туралы stopfake.kz хабарлады.
-
Атырауда ипподром салу ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық мәслихатының 46-сессиясында ұлттық спортты дамыту мәселесі кеңінен талқыланып, спорт орталықтары мен мектептер салу мәселесі ұсынылды. Бұл туралы облыстық коммуникациялар орталығы хабарлады.
-
«Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже»: ертең халықаралық семинар басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы онлайн режимде «Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» тақырыбында тілді екінші тіл ретінде оқыту мәселесіне арналған халықаралық әдістемелік семинар өткізеді. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістан облысы: Мақтааралдық оқушыларға 110 планшет табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданына «Білім-Инновация» лицейлерінің ата-аналары мен түлектері «Біз біргеміз!» акциясы аясында 4 миллион 491 мың теңге көлемінде қаржы жинап, 110 планшетті оқушыларға сыйға тартты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шымкент әкімі құрылысы жүріп жатқан мектептерді аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мектептердің құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
БҚО-да пара алды деп айыпталған полиция қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында пара алды деп айып тағылған полицей қызметінен қуылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Гонконгта алғаш рет COVID-19-дың қайталанған жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гонконгтағы зерттеушілер COVID-19 коронавирусын қайта жұқтырудың алғашқы жағдайын анықтады, олар бұл ауруға қарсы иммунитет бірнеше айға ғана созылады деп болжап отыр деп хабарлайды The New York Times Гонконг университетінің ақпаратына сілтеме жасап.
-
Түркістан облысында жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережесін бұзушыны жауапқа тартты деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Израильде оқушылар алтын тиыннан тұратын қазына тауып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильде оқушылар жүздеген алтын тиыннан тұратын қазына тауып алды деп хабарлайды "Хабар 24".
-
Нұр-Сұлтан әкімі мектептердегі санитарлық нормаларды күшейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов мектептер мен колледждердің директорларына жаңа оқу жылына қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай дайындалуды тапсырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Қазақстандық кәсіпкерлер канадалық тұқымдарды қалай сатып алуда?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық компаниялар батысканадалық дәнді және дәнді-бұршақты тұқымдарды заңсыз сатып алуда.
-
COVID-19: Қазақстанның вирусқа қарсы екпесі келешегі зор 200 вакцина қатарына енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. The Washington Post басылымы Қазақстанда әзірленген COVID-19-ға қарсы вакцинаны келешегі зор эксперименттік 200 вакцина тізіміне қосты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
-
Қазақстандық футболшы Еуропа жеңімпазының сапына ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Ресейдің ЦСКА клубына ауысты. Бұл туралы Мәскеу клубының ресми сайты хабарлады.
-
Шпекбаев Нидерланд Корольдігінің елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Нидерланд Корольдігінің ҚР-дағы елшісі Андрэ Карстенспен кездесу өткізді.
-
400 млн теңгенің құрылғысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Шуда ғана бар
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қырық мыңға жуық тұрғыны бар Шу қаласындағы ауруханада компьютерлік томография кабинеті ашылып, соңғы үлгідкомегі технологиямен жабдықталды.
-
Алматыда 1,5 гектарға жайылған өрт сөндірілді
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданы Төле би көшесі мен шығыс айналма жолының қиылысында құрғақ шөптер өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
-
Шымкентте "Бизнес бастау" бойынша 3500-ден астам адам оқудан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының 3549 тұрғыны «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгеру бойынша оқытудан өтті. Оның 2820-на оқуды аяқтағаны туралы сертификат берілсе, 729-на қатысқаны туралы сертификат табысталды.
-
Алматыда жұмыспен қамту мәселесі қалай шешілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы карантин кезінде жұмыс іздеген азаматтар үшін әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындарын ұсынып отыр. Әлеуметтік не қоғамдық деген статусына қарамастан, жұмыс жақсы жалақымен ынталандырылады. Қаладағы осы және өзге де жұмыспен қамту шаралары туралы бүгінгі материалымызда айтамыз.
-
Биыл Дін саласындағы кадрларды даярлауға 385 грант бөлінді – Нүкежанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Қазақстанда және шетелде діни білім алу перспективалары туралы «Литер» газетіне берген сұхбатында айтты.
-
Қазан-ошақтан кәсіпкерлікке дейін...
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл тұрғындарының саны жыл санап артып келеді. Табиғатқа жақын болу керек екенін, табиғи өнімді қолданудың маңыздылығын пандемия тағы бір мәрте дәлелдеді.
-
Дауыл, жаңбыр, найзағай. Қазгидромет 5 облыста ескерту жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында ертең жел күшейіп, жаңбыр жауады. Бұл туралы Қазгидромет өкілдері хабарлады.
-
Елордадағы «Столичный 2» тұрғын үй кешенінің проблемасы әлі біткен жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Құрылысы сегіз жылға созылып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің араласуымен салынып біткен «Столичный 2» кешеніне қатысты тағы бір мәселе туындады. Бүгін тұрғын үй кешенінің алдына жиналған бір топ үлескер «Феникс Столичный» тұрғын үй құрылыс кооперативі оларды үлескерлер реестрінен алып тастағаны туралы мәлімдеме жасады.
-
Коронавирус: Соңғы бір апта ішінде елімізде 108 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 және 23 тамыз аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 108 адам көз жұмды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
5 млн теңге. Заңсыз құмар ойын ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған үш азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қоғамдық орынды ластаған 4 жолсерік жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Достық стансасының көлік полицейлері «Таза Қазақстан» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында «Достық-Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызының 4 бірдей жолсерігін ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі, яғни ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісімен әкімшілік жауапқа тартты. Бұл туралы ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан халықаралық бірқатар әуе рейсін қайта ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 тамыздағы шешіміне сәйкес 17 тамыздан бастап Қазақстан аптасына 23 рейс жиілігімен 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық ұшуларды кезең-кезеңімен қалпына келтірді. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ұлттар лигасына қатысатын ұлттық құрама мүшелері белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар лигасының ойындарына шақырылған футболшылардың есімдерін жария етті. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанның медицина қызметкерлеріне 145 ноутбук табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайырымды жандар Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаларда істейтін медбикелер мен меджігіттерге және санитарлық қызметкерлерге ноутбуктер сыйлады.
-
Пандемиядан кейінгі жарнама нарығының ахуалы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы жарнама нарығы 20%-ға төмендейді деп күтілуде. Осындай болжам «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорымен ұйымдастырылған «Пандемиядан кейінгі жарнама нарығының ахуалы» тақырыбында өткен сараптамалық кездесуде айтылды.
-
Шымкент: Әуежай терминалындағы өрт сөндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Атырауда облыс әкімінің грантын 80-ге жуық жас иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімдігі жанындағы Білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.
-
Алматыда құрғақ шөп жанып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Шығыс айналма жолы маңында құрғақ шөп өртеніп жатыр.
-
Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойына арналған ән байқауының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Толқысын шартарап» атты республикалық ән байқауының жеңімпаздары анықталды.
-
Жыныстық сауаттылық туралы оқулық шыққаны жайлы ақпарат – фейк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы күндері Instagram-аккаунттарда қазақстандық мектептерде жыныстық білім беруге арналған оқулықтардың суреті салынған пост жарияланды.
-
Соңғы 7 айда 5 млн тонна астық тасымалданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік транспорты комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жетім баланың қамқоршылары жәрдемақы алу үшін өтінішті онлайн бере алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталында жетім балаларды асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындауға электронды өтініш беруге болатынын хабарлады.
-
Карантин кезінде психикалық денсаулық орталығына 300-ден астам адам хабарласқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай Алматы қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында өткен онлайн сұхбат кезінде айтты.
-
Негатив реакциялар індеттің таралуына себепші болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай Алматы қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында өткен онлайн сұхбат кезінде айтты.
-
Жергілікті әкімдер праймеризге өз кандидаттарын өткізуге күш салмауы керек – саясаттанушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 17 тамызда «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеуі басталды. Бүгінгі күнге дейін оған қатысуға 7670 азамат өтініш берген. Партияішілік іріктеу қалай өтіп жатқаны туралы доданың бақылаушысы, саясаттанушы Бауыржан Серікбаевпен әңгімелескен едік.
-
Пойыздарда вагон-мейрамханалар жұмысын қайта бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық пойыздарда вагон-мейрамханалар ашылады, деп хабарлады sputnik.kz.
-
Көлгінов әлеуметтік тұрғын үй құрылысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік баспананың бір бөлігін қыркүйек айында тапсыру жоспарланған. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды.
-
Алматыда жүкті әйел жедел жәрдем көлігінде босанып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматылық дәрігерлер жүкті әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырып алды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
«Кезекші сыныптардың» дайындығы қандай деңгейде?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл жаңа оқу жылы қашықтан оқытылады. 1- 4 сыныптар үшін «кезекші сыныптар» ашылды. Осы ретте елордалық №76 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған «кезекші сыныптардың» дайындығымен таныстық.
-
Шымкентте 30 медицина қызметкеріне өтемеақы берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында қызмет бабында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 30 дәрігерге екі миллион теңгеден өтемеақы берілді.
-
#Желмая. Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерге қандай ем тағайындалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – жоғары дәрежелі инфекционист дәрігер Клара Бөлеубайқызы.
-
Мемлекет басшысы Грузия Президентіне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Талғат Мамаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талғат Мамаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол экономика және қаржы салалары бойынша жетекшілік ететін болады.
-
Ата Заң - Тәуелсіздігіміздің төлқұжаты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы «Жыр арқауы – Ата Заң» атты шығарманың таныстырылымында айтты.
-
Швецияның бас эпидемиологы Сovid-19-дың екінші толқыны болмайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швецияның бас эпидемиологы Андерс Тегнелл күзде бұл елде коронавирустық инфекцияның екінші толқыны болмауы мүмкін, бірақ аурудың жергілікті өршуі болады деп санайды. Ол мұны TV4 телеарнасына берген сұхбатында айтты.
-
Қазақстан мен Ресей шекарасы бірнеше рет өзгеріске ұшырағаны белгілі - тарихшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали Ахмет «Қазақ Республикасына 100 жыл және оның құрылуындағы «Алаш» қайраткерлерінің рөлі» атты халықаралық ғылыми бейнеконференциясында айтты.
-
«Жыр арқауы – Ата Заң» атты шығармалар жинағы жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Жыр арқауы – Ата Заң» шығармалар жинағының, «Бала өрген Ата Заң» балалар суреттері мен эсселер жинағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасының онлайн-таныстырылымы өтті.
-
Байбек Nur Otan праймеризінде пікірсайыстар мен үгіт-насихаттың қалай өтетінін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
-
Президенттің биылғы халыққа Жолдауы қашан жарияланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр.
-
Профессионалдар. Қорықшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгінің батырлары – мемлекеттік инспекторлар, қорықшылар. Олар қазақтың кең даласындағы жан-жануарларды қорғап, оларды сақтап, көбеюі үшін тынбай еңбек етіп жүрген мамандардың бірі. Осы ретте экология министрлігі ұйымдастырған баспасөз туры кезінде ең жас қорықшы Айдос Қазиды әңгімеге тартып, қызметі туралы сұхбаттастық.
-
Жиналған егінді сақтау қоймалары жеткілікті - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров онлайн өткен Үкімет отырысында жиналған егінді сақтауға толық дайын екендіктерін айтты.
-
Карантин кезінде гүл бизнесін қалай бастауға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясы көптеген елдердің экономикасына ауыр соққы болды, шағын және орта бизнеске айтарлықтай зиян келтірді. Алайда карантин жаңа бизнес-процестерді құруға мүмкіндік берді.
-
Әрбір тарихи кезең жаңа бастамадан басталады – тарихшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл «Қазақ Республикасына 100 жыл және оның құрылуындағы «Алаш» қайраткерлерінің рөлі» атты халықаралық ғылыми бейнеконференциясында айтты.
-
Ресей өз аумағындағы жарқанаттарды COVID-19-ға тексере бастады
Алматы, BAQ.KZ. Роспотребнадзор Ресей аумағындағы жарқанаттарда коронавирус инфекциясы бар-жоғын анықтау мақсатында тексерісті бастады.
-
Мұнай бағасының өсуі елдегі инфляция көрсеткішіне қалай әсер етеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы мұнай бағасының біртіндеп өсуі мен ішкі экономиканың қалпына келуі жылдық инфляцияның 4-6 пайыз дәлізінің жоғарғы шекарасында қалыптасуына негіз болады.
-
Егін жинау жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров онлайн өткен Үкімет отырысында биылғы егін жинау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты.
-
Салықтар бойынша негізгі қарызын өтеген азаматтардың өсімпұлдары есептен шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті 250 млн теңгеден асатын сомаға жер, көлік және мүлік салығы бойынша жинақталған қарыздар бойынша өсімпұлды есептен шығаруға мүмкіндігі бар 100 қазақстандық тізімін жариялады. Бұл туралы МКК баспасөз қызметі xабарлады.
-
Қашықтан оқыту. Мектептегі қиындықтарды 3 деңгейге бөлдік – мектеп директоры
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Білім беруді сандық трансформациялау» тақырыбында өткен қалалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында №54 мектеп-лицейінің директоры Шәкәрім Сейсенбай IV тоқсанда білім беру мекемесі тап болған қиындықтар туралы айтты.
-
Үшінші тоқсанда экономикалық белсенділіктің қалпына келуі төмендеуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың үшінші тоқсанында экономикалық белсенділіктің қалпына келу қарқыны төмендейді. Бұл туралы бүгін онлайн өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті.
-
Уақытылы аяқтау керек: Мамин тағы тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін онлайн өткен Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин астық жинауға қатысты тиісті ведомстволарға тапсырма берді.
-
Бәрі жақсы болады – Асқар Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Экспорт әлеуеті де жақсы болады. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты.
-
1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
-
Экономиканы қолдау шараларын сапалы іске асыруымыз керек - Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 2,8 деңгейінде болады деп болжануда.
-
42 500. Біржолғы төлемді қанша қазақстандық алғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 тамыздағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 589 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең.
-
Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкерлері сирек кездесетін қан тобын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Алмас Шамишевтің бастамасымен, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты науқастарға қан беруге арналған «Өзгеге жылу сыйла!» акциясын департамент пен оған қарасты КА-168/1, КА-168/2, КА-168/3 мекемелерінің қызметкерлері және Пробация қызметінің қызметкерлері бірауыздан қолдады.
-
Ұлттық экономика министрі трансферт үшін 1 трлн теңге бөлуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық қордан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт бөлу туралы заң жобасын ұсынды.
-
Алдағы бес жылда ел экономикасын дамытудың жоспары әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан экономикасын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған үш ықтимал жоспары әзірленді.
-
COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 18 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 25 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат тарады.
-
COVID-19. 61 науқастың жағдайы аса ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 963 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
-
Каспий теңізіндегі ерекше құйын жұртты таңғалдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда Каспий теңізінде болған сирек құбылыс әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Мамандар құйынның ортасында қысым төмен болатынын айтып отыр. Сондықтан ол суды теңіз бетіне көтеріп алады.
-
Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 807 адам сауықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 807 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Қазақстанда өткен тәулікте 184 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 24 тамыз, сағат 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 184 адам коронавируспен ауырған. Оның ішінде 72 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.
-
Аудан сақшылары көпбалалы отбасына көмектесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ескелді ауданының полицейлері отбасындағы 5-сынып оқушысына планшет табыс еткен. Планшетке полиция басшыcы мен бөлімше басшылары да ақша қосыпты.
-
Бүгін оқушылар үшін қашықтан қайталау сабағы басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25-28 тамыз аралығында қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Sputnik Қазақстанға хабарлаған.
-
Елімізде құбылмалы ауа райы бүгін де сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 25 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Онда атап көрсетілгендей, Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.
-
Облыс әкімдіктері жолдарға 99 дәретхана орнатпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан облыстарының әкімдіктері жолдарда 2020 жылы 99 санитарлық торап орнатады, деп мәлімдеді Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті.
-
Карантиндік өсімдіктерді заңсыз тасымалдағандарға 92 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері АШМ мемлекеттік инспекторлары республиканың фитосанитарлық бақылау бекеттерінде 88 мыңнан астам көлік құралын, оның ішінде 68 мыңға жуық автокөлік, 17 мың вагон, 4 мың әуе және 100-ден астам теңіз бен өзен кемелерін тексерді.
-
Алматы облысында барымташы ұрлық үстінде ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Кербұлақ ауданының полицейлері арнайы шара барысында барымташыны ұрлық үстінде ұстап, қолды қылған үйір жылқыны заңды иелеріне қайтарды.
-
Жаңа оқу жылында мұғалімдер ПТР-тесттен өтпейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер ұстаздарды бір рет тексеруден өткізудің еш мәнісі жоқ деп отыр.
-
Павлодар облысында бір ауылдың балалары көрші облысқа барып оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында бүтін бір ауылдың балалары мектептің жоқтығынан Қарағанды облысында білім алуға мәжбүр.
-
"Артем", "Big Шанхай" базарларында карантин талаптары дұрыс сақталмаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада карантин шаралары біртіндеп алынғаннан кейін ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар, сұлулық салондары және басқа да шағын және орта бизнес нысандары қызметін қайта бастады.
-
Өскеменде 400 шаршы метр қойма жанып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында Деповская көшесіндегі қоймаларда шыққан өрт ауыздықталды.
Наверх