Израильде оқушылар алтын тиыннан тұратын қазына тауып алды

25 Тамыз 2020, 19:40
1027
Бөлісу:
Израильде оқушылар алтын тиыннан тұратын қазына тауып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильде оқушылар жүздеген алтын тиыннан тұратын қазына тауып алды деп хабарлайды "Хабар 24".

Балалар көмбені жаңа үйлер салынып жатқан ауданнан тапқан. Археологтар алтын тиындар 1 мың жылдан астам бұрын соғылып, Аббасид халифаты заманындағы ақша екенін анықтап отыр. Ал құпия қазынаның иесі беймәлім.

Бұл қазынаның құндылығы сол заманда осы аймақта халықаралдық сауданың жақсы дамығанын көрсетеді. Мысалы, Еуропада бұл кезде алтын айналымы азайып, төмендеп кеткен еді, - дейді Израиль ежелгі заман басқармасының қызметкері Галит Таль.  

Өзгелердің жаңалығы