Дауыл, жаңбыр, найзағай. Қазгидромет 5 облыста ескерту жариялады

25 Тамыз 2020, 17:30
1612
Бөлісу:
Дауыл, жаңбыр, найзағай. Қазгидромет 5 облыста ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында ертең жел күшейіп, жаңбыр жауады. Бұл туралы Қазгидромет өкілдері хабарлады. 

26 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай жарқылдап, кұр кұркірейді. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Өңірде күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

26 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерінде тұман түсуі мүмкін. 

26 тамызда Түркістан облысының кей жерінде нөсер жауады, найзағай онап, дауыл соғады, бұршақ жаууы да ықтимал. Батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең Шымкентте найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең Түркістан қаласында найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

26 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл соғуы, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. 

Ертең Петропавл қаласында найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерінде 26 тамызда таңертең және күндіз, 27 тамызда тәулік бойы қатты нөсер жауады. 26-27 тамызда кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ертең күндіз Тараз қаласында қатты жаңбыр жауады. 26-27 тамызда найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жаңбыр алдында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.



Өзгелердің жаңалығы