Елімізде құбылмалы ауа райы бүгін де сақталады

25 Тамыз 2020, 07:02
2527
Бөлісу:
Елімізде құбылмалы ауа райы бүгін де сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 25 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Онда атап көрсетілгендей, Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Түнде орталықта қатты жаңбыр жауады, тек солтүстік-батыста және батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, дауыл, күндіз кей жерде бұршақ болады.

Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл, бұршақ күтіледі.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-21 м/с күшейеді. Жамбыл облысында, күндіз Түркістан облысының кей жерінде дауыл күтіледі.

Павлодар облысының кей жерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде кей жерде тұман күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облысының кей жерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы