Нұр-Сұлтанның медицина қызметкерлеріне 145 ноутбук табысталды

25 Тамыз 2020, 16:05
1949
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанның медицина қызметкерлеріне 145 ноутбук табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайырымды жандар Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаларда істейтін медбикелер мен меджігіттерге және санитарлық қызметкерлерге ноутбуктер сыйлады.

Сондай-ақ олардың отбасыларына қолдау көрсету үшін онлайн мектеп ашылады деп хабарлады меценат, Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданындағы «Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бауыржан Исабаев.
Біздің «Бірлік» қорымызбен бірге, Nur Otan партиясының қолдауымен, біз 12 ауруханадағы кіші медициналық қызметкерлердің отбасыларына ноутбуктер сатып алдық: олар бірінші сыныпқа баратын балалары бар мейірбикелер мен санитарлар. Бұл ноутбуктерді алатын балалардың саны 145-тен асады. Бүгін біз Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимовпен бірге, № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы қызметкерлерінің балаларына ноутбуктердің бірінші партиясын тапсырдық, - дейді Бауыржан Исабаев.
Сонымен қатар, ол қыркүйектен бастап IQANAT жобасы аясында медициналық отбасыларды қолдау мақсатында «Балалардан балаларға» онлайн мектебі жұмыс істей бастайтыны жеткізді. Оның аясында бастауыш сынып оқушыларына білім беру көмегі көрсетіледі.
Өзгелердің жаңалығы