Шымкент әкімі құрылысы жүріп жатқан мектептерді аралады

25 Тамыз 2020, 20:41
2538
Бөлісу:
Шымкент әкімі құрылысы жүріп жатқан мектептерді аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мектептердің құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жүргізіліп жатқан әрбір құрылыстың сапалы атқарылуы адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты екенін айтқан қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды бақылау қашанда назардан түспеу керектігін ескертті. 
Мұрат Әйтенов Самал-3, Асар-2 шағын аудандарында салынып жатқан 1200 орындық үш мектептің құрылысын аралап көрді.
гне1.jpg
Бүгінде аталған білім нысандарының құрылыс-монтаждау жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Бұл жұмыстарға жалпы 200-ден астам құрылысшы тартылып отыр. Мектептер қыркүйек айында пайдалануға берілетін болады.
Аралау барысында қала әкімі пайдалануға тапсырылған нысандардың кепілдік мерзімі аралығында пайдалану кезіндегі сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізуді тапсырды.
Айта кетейік, биыл қалада 13 мектеп пен 2 өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға берілсе, 5 мектептің құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.


Өзгелердің жаңалығы