"Артем", "Big Шанхай" базарларында карантин талаптары дұрыс сақталмаған

25 Тамыз 2020, 01:00
1324
Бөлісу:
"Артем", "Big Шанхай" базарларында карантин талаптары дұрыс сақталмаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада карантин шаралары біртіндеп алынғаннан кейін ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар, сұлулық салондары және басқа да шағын және орта бизнес нысандары қызметін қайта бастады.

Қала әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, апта ішінде әкімдік және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінен құралған елордалық мониторинг тобы кәсіпкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша бірнеше рейд өткізген.

Сенбі күні полиция қызметкерлерінен және Байқоңыр ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдерінен тұратын мобильді топ базарларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалады.

Мониторинг барысында "Артем" және "Big Шанхай" базарларында әлеуметтік қашықтық пен маска тағу тәртібін бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, барлық бөлімдер мен бутиктерде санитайзерлер мен термометрия орнатылмаған. Кейбір бутиктерде әлеуметтік қашықтық сақтауға мүмкіндік жасалмаған.

Анықталған бұзушылықтар үшін ҚР Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы 425-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жаза қолданылады.

Жалпы алғанда, 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 863 бұзушылық анықталды. Оның 236-сын жеке тұлғалар, 627-сін кәсіпкерлік субъектілер жасаған. Барлық жиналған материалдар бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тиісті шешім шығарады.

Барлық қоғамдық орындарда адамдар қашықтық сақтап, маска тағып, санитайзер қолдануы керек.

Өзгелердің жаңалығы