Атырауда ипподром салу ұсынылды

25 Тамыз 2020, 21:47
1468
Бөлісу:
Атырауда ипподром салу ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық мәслихатының 46-сессиясында ұлттық спортты дамыту мәселесі кеңінен талқыланып, спорт орталықтары мен мектептер салу мәселесі ұсынылды. Бұл туралы облыстық коммуникациялар орталығы хабарлады. 

Атырау облыстық әлеуметтік мәселелер және мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының міндетін атқарушы Гүлнар Сәдуақасова сессия барысында Атырау облысындағы бұқаралық спортты дамыту үшін өңірде жасөспірімдерге арналған спорт мектеп-интернатын салу ең өзекті мәселе екенін айтты.

Облыста арнайы мектеп интернаты болмауы себебінен спортқа бейімі бар жасөспірімдер басқа аймақтарға барып оқып, сол өңірдің атынан әр спорт түрінен халықаралық жарыстарға қатысып жүр. Кей жағдайда спортпен шұғылдануды қойып кеткен.

Осы уақытқа дейін сенімгерлікке берілген футбол, баскетбол, волейбол, бассейн, хоккей секілді спорт орталықтарын кері қайтару қажет. Өйткені, сенімгерлікке берудегі негізгі мақсат – үкімет қаржысын үнемдей отырып, спорттық көрсеткіштерді көтеріп, нәтижесін жақсарту болатын. Алайда, қазіргі күнде жағдай өзгеріссіз. Кері қайтарылса, бұқаралық спорттың дамуына әкелері анық. Ұлттық спорт мектептерін ашу, аула клубтарын көбейту қажет. Қала аумағында ипподром базасы салынса игілікті іс болар еді. Тәуелсіздік жылдары Атырау өңірі ұлттық спорттан жоғары деңгейге шығып еді. Соңғы кездері төмендегені бәрімізге мәлім. Сол себепті, жаттықтырушылардың да табысын өсіруді басты мәселе етіп қараған жөн, - деді Гүлнар Сәдуақасова.
 
 





Өзгелердің жаңалығы