Үшінші тоқсанда экономикалық белсенділіктің қалпына келуі төмендеуі мүмкін

25 Тамыз 2020, 10:06
1417
Бөлісу:
Үшінші тоқсанда экономикалық белсенділіктің қалпына келуі төмендеуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың үшінші тоқсанында экономикалық белсенділіктің қалпына келу қарқыны төмендейді. Бұл туралы бүгін онлайн өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк Ерболат Досаев мәлім етті.

Банк төрағасы бұл Ұлттық банктің қазақстандық кәсіпорындарға жүргізген сауалнаманың нәтижесі екенін атап өтті. 

Биыл шілдеде басталған іскерлік белсенділіктің төмендеуі осы жылғы тамызда да карантиндік шектеулер аясында жалғасуы мүмкін. Өзектендірілген макроэкономикалық деректерді ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ақша-кредит саясатының көрсеткіштері бөлігінде жаңартылды, - деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, ол коронавирус індетінің салдары әлем экономикасының даму болжамдарын қайта қарауға мәжбүрлеп отырғанын атап өтті. 

Әлемдегі ең ірі экономикалардың жандана бастауына қарамастан, коронавирустың екінші толқыны және АҚШ пен Қытай арасындағы саяси, сауда келіспеушіліктерінің күшеюі аясында ұзақ қалпына келтіру тәуекелдері сақталуда.

Әлемдік экономиканың қалпына келе бастауы және энергия ресурстарын тұтынудың өсуі нәтижесінде Brent маркалы мұнайға баға белгілеу осы жылғы сәуірде ең төменгі белгіден 25 тамызда бір баррель үшін 45,1 АҚШ долларына дейін 2,8 есе өскен.  

Сондай-ақ, Ерболат Досаев ОПЕК+ қатысушылары осы жылғы 1 тамыздан бастап мұнай өндірісін шектейтінін тілге тиек етті.

Өзгелердің жаңалығы