Алматыда 1,5 гектарға жайылған өрт сөндірілді

25 Тамыз 2020, 18:31
1513
Бөлісу:
Алматыда 1,5 гектарға жайылған өрт сөндірілді

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданы Төле би көшесі мен шығыс айналма жолының қиылысында құрғақ шөптер өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.

25 тамыз күні 13 сағат 27 минутта Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолында құрғақ шөптер өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші өрт сөндіру есептері келгенде Төле би көшесінен төмен шығыс айналма жолының батыс жақ беткейінде құрғақ шөптер жанып жатқаны анықталды. Өрттің аумағы шамамен 1,5 гектарды қамтыды. Қатты соққан жел мен биік өскен шөптерден беткейдің жоғары жағында орналасқан жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі туындады, - делінген хабарламада. 

Қызыл жалын мен тұрғын үйлердің арақашықтығы 20 метрді құраған. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт оқшауланып, 4 өрт оқпаны жіберіліп, жарылғыштар қолданылған.

WhatsApp Image 2020-08-25 at 17.51.21.jpeg

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам, 9 бірлік техника және әкімдіктің 1 су тасымалдайтын авто көлігі жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт толықтай жойылды. Жекелеген өрт ошақтарына су құю жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы