Ресей өз аумағындағы жарқанаттарды COVID-19-ға тексере бастады

25 Тамыз 2020, 10:35
1089
Бөлісу:
Ресей өз аумағындағы жарқанаттарды COVID-19-ға тексере бастады

Алматы, BAQ.KZ. Роспотребнадзор Ресей аумағындағы жарқанаттарда коронавирус инфекциясы бар-жоғын анықтау мақсатында тексерісті бастады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Роспотребнадзордың эпидемиология жөніндегі ҒЗИ орталығының ғылыми қызметкерлері ел аумағындағы жарқанаттарда коронавирус бар-жоғын анықтау үшін зерттеу жұмыстарын бастаған. Ол әсіресе Мәскеу, Подмосковье, Воронеж  және Волгоград областары, Қаратеңіз жағалауы мен Краснодар аймағында жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Зерттеу мақсаты – жарқанаттардың бірнеше түрінде коронавирус қаншалықты кездесетінін анықтау. Одан бөлек бұған дейінгі вирустармен қандай жақындығы барын және жарқанаттардың ұшу айлағын тексеру арқылы коронавирустың қай жерге таралып жатқанын білу.

Аталған мекеме бұл зерттеу жұмыстары коронавирустың пайда болуы мен оның таралуы жөнінде болжам жасауға көмектеседі дейді.

Өзгелердің жаңалығы