Мұнай бағасының өсуі елдегі инфляция көрсеткішіне қалай әсер етеді?

25 Тамыз 2020, 10:20
1843
Бөлісу:
Мұнай бағасының өсуі елдегі инфляция көрсеткішіне қалай әсер етеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы мұнай бағасының біртіндеп өсуі мен ішкі экономиканың қалпына келуі жылдық инфляцияның 4-6 пайыз дәлізінің жоғарғы шекарасында қалыптасуына негіз болады. 

Бұл туралы онлайн өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті. 

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бұл көрсеткіш 2020 жылы да сақталуы мүмкін. Осылайша инфляция болжамы 2021-2022 жылдары 4-6, 2023-2024 жылдары 4-5 және 2025 жылы 3-4 пайыз таргеттерге сәйкес келеді.

Дезинфляцияға әсер ететін ішкі сұраныстың шеңберінде осы жылға арналған инфляция болжамы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бірінші кезеңіндегі 9-11 пайыздан 8-8,5 пайызға дейін қайта қаралды. Төлем балансының күтілетін тапшылығы аясында айырбастау бағамының бағаларға тасымалдануы, сондай-ақ ұлғайған фискалдық импульс инфляцияға әсер ететін болады. Оның инфляцияға ықпалы 2021 жылы да жалғасады, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ерболат Досаев үшінші тоқсанда экономикалық белсенділіктің қалпына келуі төмендеуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы