#Желмая. Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерге қандай ем тағайындалады?

25 Тамыз 2020, 12:34
3025
Бөлісу:
#Желмая. Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерге қандай ем тағайындалады?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – жоғары дәрежелі инфекционист дәрігер Клара Бөлеубайқызы.

Коронавирус пен пневмонияның ара жігін қалай ажыратуға болады? Пневмонияны қоздыратын қандай бактерия? Пневмонит деген не? Коронавирус кезінде пневмонияның дамуы неліктен әр түрлі уақытта болады? Пневмония кезінде коронавирус неліктен анықталмайды? Антибиотикті қай кезде қолданған жөн? Халық ақша жинап, Түркиядан, Қытайдан сатып алып жатқан оттегі жіберетін аппараттары қаншалықты тиімді? Вирус жұқтырған жүкті әйелдер өмірге қандай бала әкеледі? Міне, осындай сұрақтарға "Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – жоғары дәрежелі инфекционист дәрігер Клара Бөлеубайқызы жауап берді.


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Өзгелердің жаңалығы