Қазақстан мен Ресей шекарасы бірнеше рет өзгеріске ұшырағаны белгілі - тарихшы

25 Тамыз 2020, 11:51
3016
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей шекарасы бірнеше рет өзгеріске ұшырағаны белгілі - тарихшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор  Аққали Ахмет «Қазақ Республикасына 100 жыл және оның құрылуындағы «Алаш» қайраткерлерінің рөлі» атты халықаралық ғылыми бейнеконференциясында айтты.

Кейбір тұлғалар ескерусіз қалып жатыр. Қазақ мемлекеттік шекарасын бекіту айтыс-тартыспен жүзеге асырылғаны белгілі. Әсіресе, солтүстіктегі көршіміз, сол кездегі КСРО деп аталған республикамен жер мәселесі күрделі шешілді, - деді ол. 

Тарихшы атап өткендей, мемлекеттік шекараны орнату бойынша бірқатар ерекшелік болды. 

Шекараның графикалық қосымшасы мен мәтіндік сипаттауы баяндалатын картографиялық материалдар іс жүзінде мүлдем болған жоқ. 1920 жылы Қазақ республикасы құрылған кезден бастап Қазақстан мен Ресей шекарасы бірнеше рет өзгеріске ұшырағаны белгілі. Мемлекет шекарасының бекітілуі өте тартысты болғанын тарихшылар біледі, - деді тарихшы.

Айта кетейік, 26 қазанда Қазақтың Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы РКФСР БОАК және ХКК декреті қабылданған болатын. Биыл маңызды декреттің қабылданғанына 100 жыл толады.

Өзгелердің жаңалығы