Нұр-Сұлтан әкімі мектептердегі санитарлық нормаларды күшейтуді тапсырды

25 Тамыз 2020, 19:24
1366
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан әкімі мектептердегі санитарлық нормаларды күшейтуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов мектептер мен колледждердің директорларына жаңа оқу жылына қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай дайындалуды тапсырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Әкімнің айтуынша, мектептерде санитайзерлер орнатылып, қашықтықты сақтау туралы белгілерді орнату шарт. 

Сапалы дайындықты қамтамасыз ету маңызды. Қашықтықтан жұмыс режиміне көшу студенттердің алған білімінің сапасына әсер етпеуі керек. 1-4 сынып оқушылары "кезекші топтарда" оқи алады, санитария нормаларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы