Мемлекет басшысы Грузия Президентіне көңіл айтты

25 Тамыз 2020, 12:28
1804
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Грузия Президентіне көңіл айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады.

Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы