Все новости за 31 қаңтар 2020
-
-
Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2015 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан шахмат федерациясының президенті қызметін Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қорының құрылтайшысы және Алматы марафонының негізін қалаушы Ғалымжан Есенов атқарып келген болатын.
-
Елде 21 мыңнан астам кибершабуыл оқиғасы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті бұзу бойынша 21 мыңнан астам оқиға анықталды. Мұндай мәліметті finprom.kz ұсынды, деп жазады 7kun.kz.
-
Шымкенттік құтқарушылар мен еріктілер бірікті
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте еріктілер құтқарушыларға көмектесіп, қала қауіпсіздігін жақсартуға атсалысып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында өткен төтеншеліктер мен еріктілердің кездесуінде мəлім болды.
-
Сыбайлас жемқорлықтың әрбір алтыншы фактісі мемлекеттік сатып алу саласында жасалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті "Antikor ortalyǵy" сервистік ғимараттың алаңында облыстық басқармалардың қызметкерлерімен мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордағы сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жою туралы семинар-кеңес өткізді.
-
Шымкенттік студенттер: 20 сағат жұмысқа - 20 мың теңге
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жыл – Волонтерлер жылына Шымкент қаласының жоғары оқу орындары белсене қатысады. Бұл туралы Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында өткен брифингте мəлім болды.
-
Amazon басшысы 15 минутта 13 млрд долларға байыды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос – қазір әлемдегі ең бай адам. Оның байлығы 15 минут ішінде 13 миллиард долларға көбейді.
-
Жұмыспен қамтуды ынталандыру жөніндегі жол картасы бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзенде кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуды ынталандыру жөніндегі жол картасы бекітілді.
-
Жамбылда табиғи чипстер өндіріледі
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жамбылдық Гүлфайруз Рахметова есімді жас келіншектің жаңа кәсіпті бастаудағы негізгі мақсаты – балаларды пайдалы тағаммен қамтамасыз ету. Сол үшін жемісті чипстер шығаруды қолға алған.
-
Шымкент əуежайы мен теміржол вокзалы: коронавирусқа қарсы сценарий
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. "Шымкент" халықаралық əуежайы мен Шымкент теміржол вокзалында коронавирусты инфекцияға қарсы алдын алу, таратпау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі нысанда да коронавирусты инфекция жұқтырған болуы мүмкін жолаушыны оқшаулау бойынша оқу-жаттығу өтті.
-
Елордада демалыс күндері қайда баруға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары хоккей матчын, театр қойылымдары мен концерттік бағдарламаларды, операны мен шаңғы жарысын тамашалай алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Жамбылда жақсы жолдардың үлесі 90%-ға жетеді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда біздің алға қойып отырған басты стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі дамыған 30 озық елдің қатарына қосылу.
-
Жеңіс-75: Блокада альбомы
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Дәл осындай атаумен Көкшетауда алғаш рет Ресейдің белгілі фотосуретшісі Сергей Ларенконың көрмесі өтті.
-
Шөкеев: Түркістан өңірінде инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық агроөнеркәсіп кешені саласында мамандандырылған америкалық "Valmont Industries" компаниясының басшысы Роберт Гиллен бастаған бір топ делегаттармен кездесті.
-
Коронавирус: Министр қазақстандықтарға шетелге шықпауға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған кісі өліміне әкеп соғатын жаңа вирус халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялады.
-
Ресейде коронавирус жұқтырған екі адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей аумағында коронавирус жұқтырған екі адам анықталды. Екеуі де Қытай азаматы. Бұл туралы Ресей Федерациясының вице-премьері, Ресей аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі штаб төрағасы Татьяна Голикова айтты.
-
Биыл аз қамтылған 11 мың отбасыға пәтер беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында көпбалалы аз қамтылған отбасыларға көмектің жаңа механизмі енгізілгендігі туралы айтылды.
-
Қазақстандықтар курьерлік қызметтерге жиі жүгіне бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы пошталық және курьерлік қызметтердің көлемі 37,8 млрд теңгеге жетті, өткен жылмен салыстырғанда өсім 11,5%-ды құрады. Мұндай деректеді energyprom.kz келтірді.
-
Елордада қанша адам баспана кезегінде тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел астанасында қазіргі уақытта қанша адам баспана кезегінде тұрғаны белгілі болды.
-
Талас өзенінің жағасынан демалыс орны ашылады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмысты істеуге қолайлы елді мекеннің сапалы инфрақұрылымның болуы.
-
2.02.2020. Қытайда бұл күні неке қиюға тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі жастардан 2 ақпанға жоспарланған үйлену тойынан бас тартуды сұрап отыр. ҚХР Азаматтық әкімшілік министрлігі коронавирустың ел бойынша тарап кетуіне байланысты осындай мәлімдеме жасады.
-
Елімізде балалар суициді азаймай отыр – Аймағамбетов
Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты.
-
Маңғыстаулықтар 12 млрд 600 млн теңгенің жобасын жүзеге асырған
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы іс-шаралар қорытындыланған жиында өңірлік жобалық офисінің басшысы Гүлайым Азан мәлімдеді.
-
Қытайдан елге оралған 41 адам ауруханада жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін еліміздің бас инфекционисі Динагүл Баешева 6 қаңтардан бастап Қытайдан келгендер азаматтар мен елдегі ЖРВИ немесе тұмаумен ауырып жүрген адамдарды шатастырмауын сұрады.
-
Коронавирустан қалай қорғануға болады – маман кеңесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның бас инфекционист-дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева аурудан қалай сақ болу керек екенін және халықтың аса қауіпті коронавирустан қалай қорғана алатынын айтып берді.
-
Алматыдағы ЕАЭО отырысы барысында барлық сұрақ бойынша келісім жасалды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан ЕАЭО елдерінің кезекті отырысында күн тәртібіне қойылған сұрақтардың барлығы бойынша келісім жасалып, қол қойылды.
-
Коронавирус: Елорда әуежайы жолаушыларды қалай тексереді
Елімізде де бұл қатерлі сырқатқа байланысты Қытаймен тікелей шекараларға шектеу қойылып, вокзалдар мен әуежайларда бақылау күшейтілді.
-
Елімізде 2352 мектептің дәретханасы далада орналасқан – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 1220 мектеп пен 1628 балабақшада бейнебақылау жүйесі орнатылмаған. 2352 мектептің дәретханасы далада орналасқан. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.
-
Бауыржан Исламхан ресми түрде жаңа командасына ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ресми түрде Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Айн" клубының ойыншысы атанды.
-
Мектепке дейінгі білім беруде Шымкент көш бастап тұр – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда оқушылардың 95% жаңартылған білім беру бағдарламасына көшті. Ұлттық квалификациялық тест тапсырған 156 мың мұғалім жалақысына 30% және 50% үстемақы алып отыр.
-
2019 жыл ЕАЭО елдері үшін өнімді болды – Мамин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жыл ЕАЭО-ның дамуы маңызды да өнімді болды. Біріншіден, біз одақтың құрылғанына 5 жыл толуын атап өттік және интеграциялық дамудың жаңа жолдарына өттік.
-
Ақпан айына арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпан айының басында Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар алдымен батыста, одан кейін ҚР қалған аумақтарында жауын-шашынның жаууына, тұман және көктайғақ қалыптасуына әкеп соғады, - деп хабарлайды "Казгидромет" РМК баспасөз қызметі.
-
Үшауысымды мектеп мәселесі әлі шешілген жоқ – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балаларды сабақтан тыс уақытта қосымша білім берумен қамту төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.
-
Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық одақтың Үкіметаралық кеңесінің негізгі тақырыптарының бірі – қатысушы елдердің саудасы мен цифрлық интеграциясын дамыту болмақ.
-
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық жобаларды іске асыру және Мемлекеттік қызметтерді электрондық және проактивті форматқа көшіру арқылы бюджет қаражатын 3,03 млрд теңгеге үнемдеді.
-
Ұлттық қордағы активтерді ұлғайту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық қордағы активтерді ұлғайту үшін қандай істер жасалып жатқаны айтылды.
-
Абай-175: Түркістан оқушылары Абай пән олимпиадасының жеңімпаздары
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығын атап өтуді Түркістан облысының мектеп оқушылары сәтті бастады.
-
Бердібек Сапарбаев мырза сотқа жүгінеміз деп жүр – Жақып Асанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бүгін қазақстандық соттардың кеңейтілген отырысында ҚР жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов көптеген дауларды сот емес, азаматтық қоғам институттары шешу керек екенін айтты.
-
Оқуға 100 адам түседі, 800 адам бітіреді – Аймағамбетов дипломдарды "басып шығарғандарды" ашық сынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университеттерге талдау жүргізгенде оқуға 100 адам түсіп, 800 адам бітіріп шығатынын анықтаған. Ол бұл студенттердің ауадан пайда болмайтынын айтты. Бұдан былай қазақстандық ЖОО түлектеріне диплом қағаз түрінде емес, электронды түрде беріледі.
-
Маңғыстау облысында мүгедек балаларға арналған медиа мектеп ашылады
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Мүмкіндігі шектеулі балалар қамтылатын жоба жуық арада облыс орталығында жүзеге асуы тиіс.
-
Атырауда кəсіп ашуға ниеттілер көп
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында "Жас кəсіпкер" жобасы бойынша 600 адам оқытылып, оның 308-і өз ісін ашуға грантқа ие болған.
-
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Әліпбидегі төл дыбыстардың ерекшелігін көрсетуде қандай белгілерді пайдаланған жөн
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпбиді жетілдіру бойынша тіл мамандарына тапсырма берді. Соған қатысты А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, Әдістеме жұмыс тобының мүшесі Айнұр Сейітбекованың пікірін тыңдаған болатынбыз.
-
Фараби-1150: Қай кезеңде болмасын қала – мәдениет пен өркениеттің ошағы – Бақыт Әбжет
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен осы жылы әл-Фараби мен Абайдың мерейтойларының кең ауқымда аталып өту туралы қаулысы шыққаны белгілі.
-
IELTS талап етіп едік, оқуға түсушілер азайды – БҒМ министрі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысы өтті.
-
Абай-175: Ақынның тойы аламан бәйгемен аяқталады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыстың бас шаһарында өңір басшысы Даниал Ахметовтің төрағалығымен Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты құрылған облыстық штабтың алғашқы отырысы өтті.
-
Абай-175: Мерейтойды өткізгенде ысырапшылдыққа жол бермеу керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту барысы сөз болды.
-
Пара алған экс-әкім өз кінәсін мойындаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы "Байқоңыр" ауданының бұрығы әкімі Асқар Есілов өзінің пара алғанын толығымен мойындаған. Сол себепті құқық қорғау органдары оны қамауға алмаған.
-
Дәурен Абаев жемқорлар жайлы сериал түсіруді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жемқорлар жайлы сериал түсірілуі мүмкін.
-
Кендірлі демалыс орны маңында су тұщыту зауыты салынады
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл зауыт тәулігіне 50 мың текше метр ішуге жарамды су шығарады деп күтілуде.
-
Бауыржан Байбек: 96 азамат жемқорлық жасағаны үшін партия қатарынан шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Нұр-Отан" партиясы партияішілік тәртіпті күшейту бойынша принципшіл позиция ұстанады. Бүгін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 96 партия мүшесі сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін партия қатарынан шығарылғанын айтты.
-
Қарағандыда еріктілер қарияның қар басқан үйін тазалады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандылық студенттер қалың жауған қар мен бораннан кейін қар үйіндісінің астында қалған қарттарға көмектесуде.
-
Ертіс өңіріне Қытайдан келген азаматтардан коронавирус анықталған жоқ
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде коронавируске қатысты жағдай тұрақты. Қытай халық Республикасынан келген азаматтардан бастапқы анамнез, яғни, денсаулықтары жөнінде мәлімет жиналды.
-
2020 жылы пайдалануға берілетін республикалық жолдар тізімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында биыл елімізде республикалық маңызы бар қандай жолдар пайдалануға берілетіні белгілі болды.
-
Ресей ЕАЭО аясында өз тәжірибесімен бөлісуге әзір – Мишустин
Жиын барысында ол, өмірімізге білінбей еніп жатқан цифрлы технологиялар экономиканың кейбір салаларының жоғалуына әкеліп, кәсіпорындар мен жұмыс орындарының азаюына соқтыратынын жеткізді.
-
Елордадағы LRT ісін тергеу аяқталды
Бүгінде танысу процесі жалғасуда, содан кейін іс сотқа жіберіледі, онда ашық сот отырысы болады.
-
Жақып Асанов: Бір жылда 37 судьяны босаттық – аз ба, көп пе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бүгін қазақстандық соттардың кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов былтыр теріс іс-әрекеттері үшін қызметтерінен босатылған 37 судья туралы айтты.
-
Жемқорлар түрмеден мерзімінен бұрын шықпауы тиіс – Шпекбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысы өтті. Іс-шара аясында Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев жемқорларға қатысты шараларды қатаңдату туралы айтты.
-
Елбасы "Nur Otan" партиясының кеңейтілген отырысын өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылдың наурызында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Nur Otan" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.
-
Биыл мемлекеттік органдардың жария парасаттылық рейтингі енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы Қазақстанда мемлекеттік органдардың жария парасаттылық рейтингі енгізілетін болады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев алқа отырысында мәлім етті.
-
"Бес баланың өлімінен кейін қорқамын" – 8 баламен вагонда тұратын ананың жан айқайы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық базардан асып, Алай базарына жақындаған жерде санаулы жер үй бар. Арасында сары вагон да тұр.
-
Өткен жылы Алматыда 26 кәсіпорын ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында 2019 жылы 96 млрд теңгеге 26 жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл туралы облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасында хабарлады.
-
Мамин Мишустинмен келіссөз өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына және "Digital Almaty" форумына қатысу үшін келген РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.
-
Алик Шпекбаев үрей мен қорқынышқа бой алдырған адамдар жайлы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрес қажетті нәтиже бермеді және тек жазалау шараларын шексіздендіруге алып келді. Алайда, әлі де "Сталиндік әдістерді" қайта жаңғырту керек деген пікірлер бар. Бұл тұрғыда біз қорқыныш ұялатуымыз керек деген «қате ұстаным» кездеседі. Бұл туралы Агенттіктің алқа отырысында ведомство басшысы Алик Шпекбаев айтты.
-
Жасанды интеллектінің ұтымды тұстарымен қоса қатері де бар – Фабрицио Хохшильд
Жиын барысында ол, Қазақстан цифрлы технологияны интеграция жасап жатқаны және осы жолда дамып жатқаны көп елдерге үлгі боларлық жайт екенін айтып өтті.
-
"Екі алыптың кездесуі" қар тазалау хикаясы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан мен Атбасар трассасында екі қар тазалайтын көліктің бетпе-бет келіп, жолды тазартып жатқан видеосы жұртшылықтың езуін тартқызды. Олар тіпті мұны "екі алыптың кездесуі" деп қалжыңдап жатыр.
-
Түркістанда коронавирусқа қарсы жұмыс күшейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында Қытай елінен шыққан қауіпті індет тіркелген жоқ, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Шетелден тартылатын жұмыс күші азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтырғы жылмен салыстырғанда Қазақстанда еңбек ететін шетелдіктер саны 40% кеміген. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім болған шетелден тартылатын жұмыс күшіне қатысты инфографика.
-
Шпекбаев: Олар тек бір ғана тілді – Қылмыстық кодекс тілін түсінеді
Қазір елордадағы Тәуелсіздік сарайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің 2019 жылғы жұмыс нәтижелері туралы алқа отырысы өтіп жатыр.
-
Алматыда "DIGITAL ALMATY" халықаралық форумы басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда ЕАЭО елдері Үкімет басшыларының қатысуымен "DIGITAL ALMATY: жаһандық экономиканың цифрлы болашағы" атты форум өтіп жатыр.
-
Ертеңнен бастап ақша айырбастаудың тәртібі өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші ақпаннан бастап ақша айырбастауға байланысты талап күшейтіледі.
-
Коронавирус: ДДСҰ төтенше жағдай жариялады
Дегенмен ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус халықаралық іс-сапарлар мен саудаға шектеу қоюға негіз жоқ екенін айтты.
-
Абай-175: Словакияда "Абай оқулары" өтті
Айтулы жиын Қазақстан Республикасының Братислава қаласындағы Елшіліктің қолдауымен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қатысты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы делегациясының қатысуымен өтті.
-
Жамбыл облысындағы кітапханалар жаңа жүйеге көшті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді кітапханадан кітап іздеп қана қоймай, анықтамалар мен бірқатар сала бойынша қажетті мәліметтерді де алуға болады.
-
ЕАЭО даму бағыты талқыланды
Отырысқа қатысушылар 2025 жылға дейінгі еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжаттың дайындық барысын талқылады.
-
Қытайда коронавирус жұқтырған адам саны 9692 болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, пневмония болып ауырып қалғандар саны 9692 адам болды. Бұл әлемдегі SARS коронавирусының эпидемиясынан әлдеқайда көп.
-
Елорда маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы қалпына келуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда маңына қатынайтын қоғамдық көліктер қалпына келтіріле бастады, деп хабарлайды Астана LRT.
-
Коронавирустан көз жұмғандар саны 213 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда өршіп тұрған жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 213 адамға жетті.
-
Еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 қаңтар күні Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі.
-
Жұма күніне арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 қаңтар күні Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
-
Атырауда бір айда 12 азамат жүргізуші куәлігінен айырылды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда жыл басынан бері 12 азамат жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Олар алкогольді ішімдік ішіп, рөлге отырғандар.
-
Шавкат Рахмонов: Биыл UFC-де үш жекпе-жек өткіземін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов жекпе-жегіне дайындығы туралы айтып берді, деп жазады Prosports.kz сайты.
-
Атырауда әлеуметтік қордың басшылары әлекке қалды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облыстық құрылыс басқармасы жанынан құрылған әлеуметтік қорлардың бірі жеке және заңды тұлғалардан қайырымдылық ретінде түскен 600 миллион теңгенің есебін біле алмай жатыр.
-
1 ғасыр бұрын Бермуд үшбұрышында жоғалып кеткен кеме табылды
Алматы, BAQ.KZ. Теңіз археологтары командасы осыдан 100 жыл бұрын жоғалып кеткен кемені Бермуд үшбұрышынан тауып алды.
-
Алтын қол оташы да қателесуі мүмкін – ғалым-дәрігер
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Медицина саласы төңірегінде түрлі пікірлер айтылып жатады. Оның салдары – бүкіл әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыспен тікелей байланысты. Көп мәселе қаржыға тіреліп тұр. Бұл туралы белгілі дәрігер, тәжірибелі хирург, ғалым Сағындық Ордабеков айтты.
-
Antikor орталығында жастар идеялары таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті "Antikor" сервис орталығының алаңында Көкшетау қаласының Гуманитарлық-техникалық академиясының студенттерімен "Идеялар фабрикасы" брейнсторминг өткізді.
-
ЕҰУ мен Қазақстанның экологиялық қауымдастығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңызды құжатқа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарапынан ЕҰУ-дің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы жағынан басқарма төрағасы Айгүл Соловьева қол қойды.
-
121 жеке кәсіпкер 1 пайызбен несие алды
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ елінде әзірге баламасы жоқ бұл жоба соңғы екі жылдан бері Маңғыстау өңірінде жүзеге асып келеді.
-
Түркістанда үшем дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
-
ШҚО-да сот судьясына пара алды деген айып тағылды
Алматы, BAQ.KZ. Өскемен қаласының №2 сотында ШҚО облыстық соты азаматтық істер алқасының бұрынғы басшысына қатысты іс қаралып жатыр. Оған аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылған.
Наверх