Antikor орталығында жастар идеялары таныстырылды

31 Қаңтар 2020, 03:33
1769
Бөлісу:
Antikor орталығында жастар идеялары таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті "Antikor" сервис орталығының алаңында Көкшетау қаласының Гуманитарлық-техникалық академиясының студенттерімен "Идеялар фабрикасы" брейнсторминг өткізді.

Аталған кездесудің мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру идеялары мен ұсыныстарын оларды одан әрі бағалау және түрлі жобалар мен іс-шаралар түрінде іске асыру болып табылады.

Департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеп, қазіргі жастарға еліміздің жарқын болашағын, сыбайлас жемқорлықсыз болашақты құруға үлкен үміт артатынын атап өтті. Осы орайда Департамент ми шабуылы әдісі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру саласындағы мәселелерді шешу бойынша осындай кездесулер ұйымдастырып отыр.

Өз кезегінде студенттер - "Саналы ұрпақ" клубының мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсене қатысуына қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ, белсенділер жол қозғалысы, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға қатысты бірқатар ұсыныстар айтты. 

Атап айтқанда, студенттер аймақтағы сыртқы бақылау камераларының санын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында шет елдердің оң тәжірибесін қолдану, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлайтын тұлғаларды қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, қатысушылардың бірі моральдық-адамгершілік құндылықтарды және парасаттылық негіздерін дамытуға бағытталған "Сатылмайтын жүрек" компьютерлік ойынын құру туралы идея ұсынды.

Брейнсторминг қорытындысы бойынша көптеген таныстырылған идеялар мақұлданды, алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы белсенді азаматтық ұстанымдары мен бірлескен ынтымақтастығы үшін бастамашыл жастарға алғысын білдірді, сондай-ақ оларға алдағы уақытта табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы