Жақып Асанов: Бір жылда 37 судьяны босаттық – аз ба, көп пе?

31 Қаңтар 2020, 12:25
1707
Бөлісу:
Жақып Асанов: Бір жылда 37 судьяны босаттық – аз ба, көп пе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бүгін қазақстандық соттардың кеңейтілген отырысында ҚР жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов былтыр теріс іс-әрекеттері үшін қызметтерінен босатылған 37 судья туралы айтты.

Судьялардың осыншалықты жаппай теріс іс-әрекеттері бойынша босатылғаны тарихта ешқашан болған емес. Бір жыл ішінде теріс іс-әрекеттері үшін 37 адамды жұмыстан шығару ұсынылды. Негізінен сот алқасының шешімі бойынша қабылданды. Осыдан соң судьялардың тәртіптік жауапкершілігі артты. Бүгін олар мұны жақсы түсінеді.  Мен бұл туралы тағы да айтамын, - деді Жақып Асанов.

Оның айтуынша, бір жылда 37 судьяның қызметінен босатылуы - бұған дейінгі төрт жылды бірге қосқанмен бірдей екен. 
Бір жылда 37 судьяны босатуымыз – аз ба, көп пе? Бұл 2015, 2016, 2017, 2018 жылдарды қоса алғанмен бірдей көрсеткіш. Біз анық заңсыз сот шешімдерін қабылдаған адамдарды, аттестаттаудан өтпеген, сот этикасын бұзғандарды жұмыстан шығарамыз. Неліктен олар теріс іс-әрекеттері бойынша жұмыстан қуылды? Негізгі факторлардың бірі – былтырдан бастап жаңа институт, яғни Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия құрылды.  Оның міндеті – судьялардың кәсіби сапасын объективті бағалау. Судьялар, әдетте тек жалаң сандарға сүйеніп бағалайды деп наразылықтарын білдіретін. Шындап келгенде, күрделілігі бойынша істер де әртүрлі болады. Күрделі істер бойынша қайта шағымдану жағдайы көп. Былтырғы жылдың қыркүйегінде үздік әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, әрбір сотқа баға беру тұрғысынан бірегей әдістемені бекіткенбіз. Бұрын жалпы соттардың 1%-ы ғана аттестаттаудан өтпей қалатын деректер тіркелетін. Нақтырақ айтсақ, 100 судьяның біреуі ғана. Қазір олардың 10%-ы өтпей қалып жатыр, - деді Жоғары сот төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы