Все новости за 23 қаңтар 2020
-
-
Тоқаев #БізБіргеміз челленджін қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда жастарының әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша бастамасына қолдау білдірді.
-
Назарбаев: Қауіпсіздік Кеңесі – өте маңызды мемлекеттік орган
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
-
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі 10 798,31 млрд теңгені құрады
Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі – 10 798,31 млрд теңге болды. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жедел жәрдем қызметкерлері тұтастай бір отбасын құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Төлеби ауданында тұтастай бір отбасы газдан уланды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Шекарашылар інісінің төлқұжатымен жүрген жолаушыны ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Түрім айта береді, өзім қырықбестемін" деген адам шындығында алпысты алқымдап қалыпты, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
-
Көлік прокурорлары 198 млн теңгенің контрабандалық тауарын тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу көлік прокуратурасымен аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанданың жолы кесілді, деп хабарланды Бас прокуратураның ресми сайтында.
-
Мүгедектікке берілетін жәрдемақыны SMS арқылы рәсімдеуге болады
Атап айтқанда, мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау туралы, сондай-ақ мүгедектік жағдайындағы әлеуметтік төлемдер туралы сөз қозғалып отыр.
-
Қарағанды облысында бастауыш сынып оқушыларына тамақтану тегін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектеп асханасы биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары үшін тегін болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов көп балалы аналармен кездесу барысында хабарлады.
-
Түркістан халықаралық әуежайы биыл пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта Шаға елді мекенінен түркиялық компания халықаралық әуежайдың құрылысын жүргізуде.
-
Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 145 көлік құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдің әр бағытында жолда қалған көліктерге көмек берілді. Араларында үсік шалғандар немесе зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Aktobenews.kz.
-
560 түркістандық отбасы Солтүстікке қоныс аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр "Еңбек" бағдарламасы бойынша Солтүстік өңірлерге Түркістан облысынан 560 отбасы (1757 адам) қоныс аударды.
-
Жамбылда 90 жемқор сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2019 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, брифинг өткізді.
-
Нұр-Мүбарак университетінің түлегі Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Алматы, BAQ.KZ. Португалияның Лиссабон каласында джиу-джитсу шеберлері (IBJJF) арасында өткен Еуропа чемпионатында отандасымыз Әсет Қыдырбеков жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Көлгінов ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған аналармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелеп отырған аналармен кездесті. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды.
-
Австралияда өрт сөндіретін ұшақ апатқа ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияда орман өртін сөндіруге шыққан ұшақ апатқа ұшырып, АҚШ-тың үш өрт сөндірушісі қаза тапты, деп хабарлады The Sydney Morning Herald.
-
ҰОС-на қатысқан қазақ офицерлерін түгендейтін кез жетті – сенаторлар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат отырысында депутаттар Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Н.Б. Ермекбаевқа депутаттық сауал жолдады.
-
Қарағандының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді, оларды бақылауды қала әкімдігі жанындағы штаб жүзеге асырады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Елордада ертең дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда ертең дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Елорда Инфо Қазгидрометке сілтеме жасап.
-
Резервтегі жастардың тағы біреуі қызметке тағайындалды
Өзінің еңбек жолын 2007 жылы Азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының авиациялық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
-
ЕЭО елдерінен әкелінген көліктер отандық көлік өндірісіне әсер етпейді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Қазавтоөнеркәсіп" автомобиль саласы кәсіпорындары одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян Алматыда өткен брифинг барысында айтты.
-
2019 жылы жемқорлық салдарынан мемлекетке 5 млрд теңге шығын келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2019 жылғы бюджет қаражатын жымқыру фактілері туралы брифнг өткізді.
-
Параға айфон алған Байқоңыр ауданының әкімі кінәсін мойындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.
-
Волонтерлік жобалармен 10 жыл бойы айналысып келемін – Ұлыбек Қиманов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жастар кадрлық резервінің құрамына енген Ұлыбек Қиманов өзінің волонтерлік қызметі туралы баяндап берді.
-
Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ауа райының қолдайсыздығынан 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы орын алды.
-
2019 жылы елімізде шамамен 220 мың тонна құс еті өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада мал шаруашылығы саласындағы сарапшылардың қатысуымен Қазақстандағы құс еті нарығының дамуы туралы айтылды.
-
Назарбаев әуежайының коды 2020 жылдың сәуір айында ауысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта тиісті рәсімдер жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанда жаңа көліктерге деген сұраныс артқан
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Қазавтоөнеркәсіп" автомобиль саласы кәсіпорындары одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян Алматыда өткен брифинг барысында айтты.
-
Қазақстан коронавирусты анықтауға қажет праймерлерді сатып алу рәсімін бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бір жарым-екі айдың ішінде қазақстандық тарап қытайлық Уханьнан тараған коронавирусты дербес анықтай алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-маслихатында мәлімдеді.
-
Елордадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды
Оның айтуынша, елордалық құтқарушылар қар құрсауында қалған азаматтарға өткізгіштігі жоғары Трэкол, Нива-Марш техникалары арқылы көмекке келген.
-
Министрлік: Жануарлардан алыс болып, қолды жиі жуған дұрыс
Әзірге инфекцияны оқшаулау мақсатында бірқатар профилактикалық шаралар жүргізілуде. Қытайда өршіп жатқан коронавирус Қазақстан аумағында тіркелген жоқ.
-
Ертең елордада вирусқа қарсы ведомствоаралық оқу-жаттығу өтеді
Осы жаттығудың 3 нұсқасы бар. Мысалы, ұшақта ұшып бара жатқан кезде. Әуежайдан түскен соң қашықтық термометриясы арқылы анықталған кезде. Екінші жағдай, науқас адам көбінесе қайда барады?
-
Коронавирусқа қарсы арнайы дәрі-дәрмек жоқ – Жандарбек Бекшин
Дер кезінде медициналық ұйымдарға барып қаралу қажет.
-
Jas Otan Жастар қанатына жаңа төраға келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қаңтарда елордада Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің төрағалығымен және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Jas Otan Жастар қанаты Орталық кеңесінің отырысы өтті.
-
Елімізде сұранысқа ие 5 отандық көлік аталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыда "Қазавтоөнеркәсіп" автомобиль саласы кәсіпорындары одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарянның қатысуымен брифинг өтті.
-
"ҚазАқпарат" пен италиялық ANSA меморандумға қол қойды
Қол қою рәсіміне "ҚазАқпарат" ХАА" АҚ Бас директоры Асқар Умаров пен италиялық ANSA ақпарат агенттігінің Бас директоры Стефано Де Алессандри қатысты.
-
Коронавирустық инфекция: Қытай шекарасы арқылы өту пунктерінде бақылау күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдан тарап жатқан коронавирусқа байланысты шекара арқылы өту пунктерінде санитариялық бақылау шаралары күшейтілді.
-
Өткен жылы елімізде 50,4 мың автокөлік өндірілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында жалпы құны 359,5 млрд теңге болатын 50 447 бірлік автокөлік құралы өндірілді.
-
Меншік құқығы туралы ақпаратты жария ету ұсынылды – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы өтті.
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
-
"Назарбаев" болып өзгеретін зымыран туралы заң жобасы Тоқаевқа жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ұсынған жобасы мақұлданды.
-
Назарбаева халықты алаңдататын мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасамақ
Ол Сенат заң қабылдауға қатысты мына негізгі мәселерді жүзеге асыру қажет екенін айтты:
-
Нұр-Сұлтан қаласында 32 әуе рейсі кешіктірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолайсыз метеожағдайға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайда 32 әуе рейсі кешіктірілуде. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Борышкерлерге "қамқорлық жасап" жүрген сот төрағасы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтардан пара алып, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуына көмектескен.
-
Қар құрсауынан бір тәулік ішінде 19 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ауа райының күрт өзгеруіне, атап айтқанда боран, жел екпінінің 25 м/сек-қа дейін ұйытқуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға бүгінгі күні барлық тас жолдар (Нұр-Сұлтан-Қорғалжын бағыттарынан басқа) жабық екенін хабарлады.
-
Мешітке келушілердің заттарын ұрлаған күдікті қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Наурызбай ауданының аумағында бір ай бойы ер адам намаз кезінде мешіттердің кіреберісіндегі жеке мүліктерді ұрлаумен айналысқан.
-
Елордада екінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлады.
-
Қытайда қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 571-ге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауруға шалдыққан 571 адамның 95-сі ауыр жағдайда, деп хабарлады РИА Новости Қытайдың Денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитетіне сілтеме жасай отырып.
-
Жоғалып кеткен оқушы қыздар жалдамалы пәтерден табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жоғалып кеткен екі оқушы қыз Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерден табылды.
-
Назарбаева: Отандық нарыққа өнім шығару тиімсіз болуға айналды
Біздің өнімдеріміздің өз сөремізге жетуі өте қиын. Ірі сауда орталықтары өнім өндірушілерді пайдасыз жағдайға душар етеді. Делдалдар 200-300% үстеме баға жасап отыр.
-
Синтетикалық есірткі сақтаған азамат ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласының 20 жастағы азаматы құрықталды.
-
Нұр-Сұлтанда бір түн ішінде 35 көлік жол апатына ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астаналық Полиция департаменті ауа райының күрт нашарлауына байланысты тұрғындарға мейлінше қоғамдық көлікті пайдалануды сұрайды.
-
Елордада қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы шектелді. Бұл туралы Astana LRT хабарлайды.
-
Бүгін Шымкентте ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қаңтар күні еліміздің бір қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
-
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейсенбі 23 қаңтарда елімізде жел күшейіп, қар жауады, боран соғады, тұман және көктайғақ болуы ықтимал, деп болжайды синоптиктер.
-
Атырауда қауіпті дерттің алдын алуға бағытталған апталық өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-27 қаңтар аралығында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында апталық жүргізіледі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда қарлы боранға байланысты сабақтар тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада боран салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылды.
-
Елордада "Біз біргеміз" челленджі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда жастары әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджді бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Мүгедек баласы бар аналар көмек сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы сал ауруына шалдыққан балалардың аналары кәсіп бастауға көмек сұрады, деп хабарлайды Atameken Business.
-
Қызылордада есірткі тасымалдаған азамат ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Арал ауданында есірткі тасымалдаған 36 жастағы тұрғын қолға түсті, деп жазады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Қытайда қауіпті вирустан 17 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті.
-
Батыр Жүкембаевтың қарсыласы ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) өзіне тиесілі WBA Continental Americas пен IBF Inter-Continental белбеулері сарапқа салынатын шайқаста еншісінде 22 жеңісі бар боксшымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Атырауда мал басы артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қорытындысымен ірі қара малы 173,4 мың басты, түйе 32,4 мың басты, жылқы 83,8 мың басты, қой-ешкі 567,2 мың басты, құс 455,4 мың басты құрады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Сотталғандарға әлеуметтік бейімделу жолдары түсіндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы прокуратурасының бастамасымен Қостанай қаласындағы ҚК-161/11 төменгі қауіпсіздік мекемесінде сотталғандармен "Оңалту түрмесі" шарасы өткізілді.
Наверх