Қазақстандықтар курьерлік қызметтерге жиі жүгіне бастады

31 Қаңтар 2020, 19:05
1512
Бөлісу:
Қазақстандықтар курьерлік қызметтерге жиі жүгіне бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы пошталық және курьерлік қызметтердің көлемі 37,8 млрд теңгеге жетті, өткен жылмен салыстырғанда өсім 11,5%-ды құрады. Мұндай деректеді energyprom.kz келтірді.

Аталған көрсеткіш 2018 жылдың қаңтар-желтоқсанында 33,9 млрд теңгеге тең болды.

Ауылдық жерлердегі қызметтер көлемі 2,1 млрд теңгеге дейін қысқарды — 2018 жылға қарағанда 10,6%-ға аз. Бір жыл бұрын ауылдық жерлердегі қызметтер көлемі 18,8%-ға өсіп, 2,4 млрд теңгені құрады.

Пошталық және курьерлік қызметтердің барлық көлемінің 9,1 млрд теңгесі халыққа тиесілі, жылдық өсім — 5,5%. Оның ішінде ауыл тұрғындарына қызмет көрсету көлемі 1,3 млрд теңгені құрады — бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,3%-ға кем.

Пошталық және курьерлік қызметтердің ең көп көлемі қаржы орталығы Алматыда тіркелді: 56,3% немесе 21,3 млрд теңге. Топ-3 құрамына Нұр-Сұлтан (9,7% немесе 3,7 млрд теңге) және Қарағанды облысы (4,2% немесе 1,6 млрд теңге) кірді.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2019 жылдың қорытындысы бойынша заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтердің бағасы 4,4%-ға өсті.

Пошта қызметтерінің бағасы 5,1%-ға, курьерлік қызметтердің бағасы 4,1%-ға өсті.

Өзгелердің жаңалығы