Талас өзенінің жағасынан демалыс орны ашылады

31 Қаңтар 2020, 18:40
3184
Бөлісу:
Талас өзенінің жағасынан демалыс орны ашылады
PHOTO
Фото: автордан

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмысты істеуге қолайлы елді мекеннің сапалы инфрақұрылымның болуы.

Осы бағытта қабылданған "Нұрлы жер" және "Нұрлы жол" бағдарламалары Жамбыл облысында табысты іске асырылуда. Бұл туралы облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәулет Досанов айтып берді.

2P8A5328-750x430.jpg

Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында бұл бағдарламаларға тоқталуы, оның маңызды екенін айқындай түсетіндей. Жолдаудан туындаған міндеттер мен бағдарламаларды басшылыққа ала отырып жасалған мекеменің негізгі жұмыс жоспарының бір тармағы – елді мекендердің бас жоспар жобаларын жасау. Бұл бағыттағы жұмыстар облыста 2010 жылдан бері тұрақты атқарылып келеді. Бүгінде өңірде ірілі-ұсақты 377 елді мекен бар. Жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 364 елді мекеннің бас жоспар және оңайлатылған сызба жобалары әзірленіп, бекітілді. Қалған 13 елді мекеннің 8-іне оңтайландыру жүргізілді. Оның басты себебі – онда тұратын халықтың саны 50 адамнан аспай отыр, - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

2P8A0226-750x430.jpg

Десе де, жауапты мекеме "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңының 2 бабын басшылыққа алып, ондағы "халқының есептік саны кемінде 50 адамы бар елді мекен есепке алынады және тіркеледі" деген тармақты басшылыққа алып жұмыс істеуде. Мәселен, Шу ауданында 5 елді мекеннің оңайлатылған сызба жобасын жасау жоспарланған.

2P8A6771-750x430.jpg

Мойынқұм ауданында 4 елді мекенде халық тұрмауына байланысты, елді мекен статусынан шығару туралы облыстық мәслихаттың әкімдікпен бірлескен шешіміне сәйкес таратылды. Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарында да 4 елді мекен облыстық мәслихаттың әкімдікпен бірлескен шешімімен жақын орналасқан ауылдар құрамына қосылды. Бұдан бөлек, былтыр 37 елді мекеннің бас жоспары мен оңайлатылған сызбасына түзетулер енгізіліп, 13 елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, бекітілген болатын. Бекітілген бас жоспар және жоспарлау жобларын іске асыру мақсатында, облыс әкімінің бастамасымен Тараз қаласының аумағын дамыту, абаттандыру жұмыстары қолға алынды, - деді Дәулет Досанов.
Жергілікті әкімдік өкілі кейбір шағын қала мен аудан орталығындағы ірі елді мекендердің бас жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, көркейтіліп жатқанын да әңгімеледі. Мұндай өзгеріс облыс орталығы Тараз қаласында да қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, соңғы жылдары бұл қаланың сәулеттік келбеті айтарлықтай жаңартылып, жаңғыра түскен. 

2P8A6789-750x430.jpg

Онда 2 аллеяға, 2 саябаққа, 1 скверге және 1 канал жағалауына қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Сонымен бірге, "Шахристан – этно мәдени" және "Тектұрмас" тарихи мемориалдық кешендерінің құрылысы аяқталып, халықтың игілігіне пайдалануға берілуі қала ажарын ашқан.

2P8A5285-750x430.jpg

Мұндай жұмыстар сәулеттік келбетті қалыптастыру, қолданыстағыларын жөндеу және абаттандыру іс-шаралары аудан орталықтарында да атқарылуда. Айталық, "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы А.Суханбаев атындағы саябақ қайта жаңғыртудан өтіп, ескерткіш айналасы абаттандырылды. Сонымен қатар, К.Орынқұлов көшесінің бойындағы жарық шамдары LED жарық шамдарына ауыстырылды. Ал Жамбыл ауданында жоба шеңберінде "Жастар" орталығы алдындағы "Жастар" аллеясы, Орталық алаң, Абай көшесі бойындағы 2 көпір жөнделіп, Орталық алаңға асфальт жабыны төселіп, Аса ауылының кіреберісіндегі "Бақыт-Шаттық" алаңы абаттандырылды. Жоба аясында Шу ауданында да көп жұмыстар атқарылды, - басқарма басшысының міндетін атқарушы.
2P8A5287-750x430.jpg

Спикер Қордай, Сарысу мен Талас аудандарында да саябақтар мен аллеялар абаттандырылып, ауылдардың келбеті мен көркі қалпына келтірілгенін жеткізді. Енді Тараз қаласындағы Абай, Жамбыл, Төле би даңғылдарын, Сүлейменов, Комратов, Пушкин көшелерін жаңғырту қолға алынбақ. Сондай-ақ Талас өзенінің жағалауынан демалыс орнын ашу жобалары әзірленіп, облыстық бюджеттен қаралған қаржыға жобалау жұмыстары жүргізіліп, бүгінде оң қорытындысын алған.

Өзгелердің жаңалығы