Коронавирустан көз жұмғандар саны 213 адамға жетті

31 Қаңтар 2020, 08:40
1951
Бөлісу:
Коронавирустан көз жұмғандар саны 213 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда өршіп тұрған жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 213 адамға жетті.

Қытайда жаңа 2019-nCoV коронавирусынан 213 адам қайтыс болды, жұқтырғандардың саны 9356 адамға жетті. Бұл туралы South China Morning Post газеті Қытай билігіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады korrespondent.net.

Өткен тәулік ішінде 2019-nCoV коронавирусынан зардап шеккендер саны 213 адамға дейін өсті, олардың 204-і Хубэй провинциясының эпидемия орталығында қайтыс болды, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус ауруын халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай деп таныды. 

Коронавирус індеті Қытайдан өзге 18 елде тіркелген.


Өзгелердің жаңалығы