2.02.2020. Қытайда бұл күні неке қиюға тыйым салынды 

31 Қаңтар 2020, 18:19
1961
Бөлісу:
2.02.2020. Қытайда бұл күні неке қиюға тыйым салынды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі жастардан 2 ақпанға жоспарланған үйлену тойынан бас тартуды сұрап отыр. ҚХР Азаматтық әкімшілік министрлігі коронавирустың ел бойынша тарап кетуіне байланысты осындай мәлімдеме жасады.

Қытайда көңілі жарасқан жастар үшін 2.02.2020 жылда неке қиюдың өзіндік мәні бар. Себебі бұл сандар қытай тілінде "сені сүйемін, сені сүйемін" дегенді білдіреді. Бұл фраза "мың жылда бір рет қайталанады".

Демалыс күніне сәйкес келгеніне қарамастан Қытайдың кей өңірінде некені сол күні тіркеуге өтінішті қабылдап қойған. Бұған дейін 2 ақпанда некені ресми тіркеуге Хубэй провинциясы мен Бейжіңде тыйым салынған болатын.
Қытайдың барлық территориясы бойынша некені тіркейтін органдар ғимаратта дезинфекция жасап, қызметкерлердің температурасын тексеру керек. Бұған дейін некені 2 ақпанда тіркеу туралы хабарлап қойған органдар халыққа тыйым салынғаны туралы хабарлау керек, - деп жазылған ҚХР Азаматтық әкімшілік министрлігінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы