Жамбыл облысындағы кітапханалар жаңа жүйеге көшті

31 Қаңтар 2020, 10:02
1765
Бөлісу:
Жамбыл облысындағы кітапханалар жаңа жүйеге көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді кітапханадан кітап іздеп қана қоймай, анықтамалар мен бірқатар сала бойынша қажетті мәліметтерді де алуға болады, деп жазды "Хабар 24".

Бұл бағытта өңірде "Цифрландырылған ақпараттық орталықтар" жаппай ашылып жатыр. Бұл әсіресе, шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін тиімді болып отыр.

Цифрландырылған ақпараттық орталық облыс көлемінде 13 сала бойынша жаңалықтар мен мәлімет алуға мүмкіндік береді. Онда тұрғын үй, жұмыспен қамту, білім, денсаулық, құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты негізгі салалар қамтылған. Мәселен, сізге егін егуге жер телімі керек болса, әкімдікке, жер қатынастары бөлімі немесе басқармаға бармай-ақ, сайтқа кірсеңіз жеткілікті. Аймақтағы 10 аудандағы бос жатқан жер телімдері туралы мәліметтер шыға келеді.
Ауыл шаруашылығы деген саламыз бар. Сол саланы ашады. Ашып, өзіне керекті мәліметін алады. Әр ауданнан мысалы бидайдың, арпаның бағаларын салыстырып, қай ауданда арзан екенін соны көріп мысалы сол ауданнан барып алады. Оқу орындары бар. Жоғарғы оқу орындары, қандай оқуға түсуге болады. Соны көріп біле алады.

Қазір цифрландырылған ақпараттық орталықтар Талас ауданында біртіндеп іске аса бастады.

18 аудандық округтың он екісінде тұрақты жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күнге дейін 220 адамға қызмет көрсетілген. Жұмысты жүйелендіре түсу үшін кітапханашылар да қайта оқытылып, жаңа бағытта жұмыс істей бастады. 
Бірінші біз маман дайындауымыз керек болды. Ол үшін бірінші кітапханашыларды дайындадық. Әлі де оқыту үстіндеміз. Бүгінгі күнге дейін бізде 20 кітапханамыз бар. Барлығын да дайындап отырмыз. Қазіргі таңда 12-сі ашылғанымен, ауылдарда 8 кітапханамыз ашылуы керек, - деді Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Шынаркүл Жұмабекова. 
Жалпы Жамбыл облысында 144 ауылдық округте 166 цифландырылған ақпараттық орталық ашылған. Осының арқасында аймақтағы кітапханалардың жұмысы жанданды. 


Өзгелердің жаңалығы