Ресей ЕАЭО аясында өз тәжірибесімен бөлісуге әзір – Мишустин

31 Қаңтар 2020, 12:49
1519
Бөлісу:
Ресей ЕАЭО аясында өз тәжірибесімен бөлісуге әзір – Мишустин
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ресей цифрлы технология саласында көш бастап тұрған ел ретінде ЕАЭО аясында өз тәжірибесімен бөлісуге әзір. Бұл туралы РФ премьер-министрі Михаил Мишустин Алматыда өтіп жатқан форум барысында айтты.

Жиын барысында ол, өмірімізге білінбей еніп жатқан цифрлы технологиялар  экономиканың кейбір салаларының жоғалуына әкеліп, кәсіпорындар мен жұмыс орындарының азаюына соқтыратынын жеткізді.

Технологиялар адамдардың әлеуметтік мінез-құлқын өзгертуде. Еңбек қатынастарына ықпал етіп, мемлекеттік және қоғамдық реттеу институттарына қатер төндіруде. Сондай-ақ сатушы мен сатып алушы аралығында делдалдардың азайғанын байқаймыз және бұл бағытта бәсекелестік жоғарылаған. Алайда бұл үрдіс біздің салықтық органдарға беймәлім болып қалуда. Қазір адамдар цифрлы технологияның арқасында мықты контент жасап, сервистерін жақсартып, қолданушыларды көп жинауға тырысады. Дегенмен бұл сервистердің басшысы әлемдегі жетекші компаниялар болып келеді,-деді М.Мишустин.

Оның айтуынша, жасанды интеллектінің арқасында көптеген елдер өз жеріндегі ақша ағынын бақылай алмауда және өз үлесінен қағылуда. 

Бұның бәрі бір жан-жақты ойластырылған мемлекеттік жүйемен жасалуы керек.  Ресей цифрландыру саласы бойынша серпіліс әкелетін технологияларды енгізіп жатыр. 100 млн-ға жуық адамның онлайн аккаунты бар және Үкімет қызметтерін онлайн пайдалануда. Мекемелер арасынада деректермен алмасу жүйесі де жұмыс істеп тұр. Ресейдегі цифрландыру халықпен қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың бетпе-бет байланыссыз әрекет етуіне жағдай жасайды. Бұл мемлекетті ешкіңм алдамайтынын және экономикалық бағытта кедергілердің болмауын қамтамасыз етеді,-деді ол. 

Сондай-ақ ол Ресей цифрлы технология саласында көш бастап тұрған ел ретінде ЕАЭО аясында өз тәжірибесімен бөлісуге әзір екенін айтты. 

Цифрландыру саласы жаһандық бәсекенің басты бағытына айналды, біз оған дайын болып қана қоймай жеңіп шығуымыз керек. Одақтың негізгі төрт бағыты жұмыс күші қозғалысы, капитал мен тауар, қызмет көрсету қозғалысы жалпы бір плтаформамен бекітілген. Бұл бағытта біз бірге көптеген жұмыстар атқардық. Дегенмен алдыда әлі атқарар қыруар жұмыс бар,-деді РФ Үкімет басшысы.
Өзгелердің жаңалығы