Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы басталды

31 Қаңтар 2020, 16:13
1580
Бөлісу:
Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы басталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық одақтың Үкіметаралық кеңесінің негізгі тақырыптарының бірі – қатысушы елдердің саудасы мен цифрлық интеграциясын дамыту болмақ.

Қазақстан, Армения, Ресей, Белорус, Қырғызстан және Молдова премьер-министрлері ЕАЭО үкіметаралық жиынына қатысу үшін тағы да Алматыда жиналды.

Күн тәртібіне 12 сұрақты талқылау қарастырылған. Оның қатарында сауда-экономикалық әріптестік, мүше мемлекеттер арасында өзара тауар алмасуды кеңейту, кедергілерді алып тастау, сонымен қатар экономиканың кейбір салаларында интеграциялық әлеуетті дамыту мәселелері бар.

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 6 жылға жуық уақыт өтті. Осы уақыт ішінде бірыңғай экономикалық кеңістікте тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұлттықтан жоғары заңнаманың ауқымды тізімі құрылды.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 2014 жылғы 29 мамырда Қазақстан астанасында қол қойылды. Аталған құжат Одаққа қатысушы елдердің экономикаларын дамыту үшін ұзақ мерзімді тұрақты жағдайларды қамтамасыз ететін еуразиялық интеграцияның дамуына бастау берді, сондай-ақ төрт еркіндікті: тауарлар, капитал, қызметтер және жұмыс күшінің еркін қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік жасады.
Өзгелердің жаңалығы