Бауыржан Исламхан ресми түрде жаңа командасына ауысты

31 Қаңтар 2020, 16:58
1722
Бөлісу:
Бауыржан Исламхан ресми түрде жаңа командасына ауысты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ресми түрде Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Айн" клубының ойыншысы атанды.  

"Әл-Айн" клубы әлеуметтік желіде футболшыны видеоролик арқылы таныстырды.

Осыған дейін Исламхан араб командасымен 5 айға келісімшарт жасауы мүмкін екені айтылған.

Бауыржан БАӘ-ге бармас бұрын Ресейдің "Зенит" клубымен Катардағы оқу-жаттығу жиындарына қатысқан. Бірақ одан кейін Испаниядағы екінші жиынға шақырылмады.

Айта кетейік, "Әл-Айн" өз елінің 13 дүркін чемпионы, Азия чемпиондар кубогының жеңімпазы. Бұл команданы португал маманы жаттықтырады. 

Өзгелердің жаңалығы