Алматыдағы ЕАЭО отырысы барысында барлық сұрақ бойынша келісім жасалды

31 Қаңтар 2020, 17:16
1266
Бөлісу:
Алматыдағы ЕАЭО отырысы барысында барлық сұрақ бойынша келісім жасалды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан ЕАЭО елдерінің кезекті отырысында күн тәртібіне қойылған сұрақтардың барлығы бойынша келісім жасалып, қол қойылды.

Жиын барысында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян ЕАЭО елдерінің кезекті отырысында күн тәртібінде тұрған барлық сұрақ бойынша келісімге келе алғандарын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол Одақтың келесі отырысы 9-10 сәуір күні Минск қаласында өтетінін жеткізді.

Оның айтуынша, 4 жыл ішінде ЕАЭО арасындағы өзара сауда айналымы 32% өскен. 
Еуразиялық экономикалық комиссия одақ елдерінің цифрлы технология мәселесін де қарады. Осы уақыт аралығында 80 бастама қаралып, 5 жүйе құрушы жоба іске қосылған. Яғни тауарды бақылау, құжаттарды электронды сүйемелдеу және өндіріс саласы бойынша, - деді ол.

Сондай-ақ, ол осы аралықта Одақтың имиджі артқанын және бірге бәріміз үлкен күшке иеміз деген ойын білдірді.
Қазір бізбен ондаған ел мен бірлестіктер жұмыс істегісі келеді. Біз бақылаушы институтын қалыптастырдық және Молдова бірінші болып бақылаушы ретінде еніп отыр. Сонымен қатар, Еуропалық одақпен де диалог орната бастадық, америкалық және еуропалық бизнес қауымдастықтарымен өзара әрекеттесуді жолға қойып жатырмыз, - деді Тигран Саркисян.
 

Айта кетейік, ҚР Үкіметі басшысы Алматыда өтіп жатқан ЕАЭО елдерінің кезекті отырысында 2019 жыл ЕАЭО-ның дамуы маңызды да өнімді болғанын атап өтті.  

Өзгелердің жаңалығы