Жеңіс-75: Блокада альбомы

31 Қаңтар 2020, 20:41
2710
Бөлісу:
Жеңіс-75: Блокада альбомы
PHOTO
Фото: автордан

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Дәл осындай атаумен Көкшетауда алғаш рет Ресейдің белгілі фотосуретшісі Сергей Ларенконың көрмесі өтті.

Айтулы көрме Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған. Шараның өтуіне облыстық «орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мұрындық болған. Шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері және мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

_DSC_3760.JPG

Көрмені мерейлі мерекеге орай ұйымдастыруға әкімдік, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мұрындық болды. Басты мақсат – өскелең ұрпаққа зұлмат күндердегі адамдардың ерлігін паш ету. Бұл жылжымалы көрме. Алдағы уақытта барлық мектептерге апарып қою жоспарда бар. Бұл соғыстың қиыншылығын біз айтпасақ та білеміз. Енді сол батырлардың ерлігін, халықтың ауызбірлігін жастарға насихаттауымыз керек. Ал бұл суреттерде фотосуретші өткен шақпен бүгінгі күнді біріктіре бейнелеген. Бұл тарих ұмыт қалмаса деп тілейміз, –дейді облыстық "Орыс
қауымдастығы" ҚБ төрағасы Александр Артеменко.

Бұл туындылардың басты құндылығы – ешқандай боямасыз, бәрі оқиға орнынан түсірілгендігінде. Фотосуретшінің көрмеге арнайы іріктеліп алынған 20 өнер туындысы жиналған көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге қойылған суреттердің көбі Ленинград қаласының зұлмат шақтағы көрінісі мен бүгінгі бейбіт күндегі бейнесі. Суретші қос  кезеңді салыстыра отырып  көрерменге ой тастағандай. 

_DSC_9225.JPG

Сонымен қатар, Ленинград түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің де суреттері ілінген.

Көрмеде цифрлық технология мен автордың шеберлігі үндестік тапқан деуге болады. Суретшінің еңбектері керемет. Ленинград блокадасы жайлы бәріміз тарихтан оқып білдік. Сол бір ауыр күндердің көрінісі фотоларда шынайы көрініс тапқан, - дейді №1 орта мектебінің мұғалімі Олжас Жеңіс.

_DSC_3762.JPG

Ленинград қаласын неміс-фашист басқыншылары 900 күн қоршауда ұстады. Тарихи деректерге сәйкес, аштықтан 1,5 млн адам қырылды. Алайда тірі қалғандардың еш біреуі жауға берілмей, қиындыққа қарсы тұрған. Ал, 1944 жылдың 27-ші қаңтарында Ленинград жау қоршауынан толық босатылды.

Өзгелердің жаңалығы