Шавкат Рахмонов: Биыл UFC-де үш жекпе-жек өткіземін

31 Қаңтар 2020, 07:20
1809
Бөлісу:
Шавкат Рахмонов: Биыл UFC-де үш жекпе-жек өткіземін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов жекпе-жегіне дайындығы туралы айтып берді, деп жазады Prosports.kz сайты.

UFC-дегі алғашқы жекпе-жегімді 2019 жылдың қараша айында Мәскеуде өткен Fight Night турнирінде өткізуім қажет еді, алайда жарақатыма байланысты кейінге шегеруін сұрадым. Алдағы жекпе-жегіме дайындығым үш кезеңге бөлінген. Алғашқы кезеңді туған қалам Көкшетауда өткіздік. Екінші және қорытынды кезеңді Алматыда ақпан айында өткізуді жоспарлап отырмын. Дайындықты өзімнің жаттықтырушыммен өткізіп жатырмын. Биыл жарақат мазаламаса үш жекпе-жек өткізсем деген тілегім бар, – деді Шавкат Рахмонов Ufcbet.ru сайтына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 1 наурыз күні UFC Fight night 171 турнирі аясында Бартош Фабинскиге қарсы өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы