ШҚО-да сот судьясына пара алды деген айып тағылды

31 Қаңтар 2020, 00:25
2196
Бөлісу:
ШҚО-да сот судьясына пара алды деген айып тағылды

Алматы, BAQ.KZ. Өскемен қаласының №2 сотында ШҚО облыстық соты азаматтық істер алқасының бұрынғы басшысына қатысты іс қаралып жатыр. Оған аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылған. 

Бұл туралы Курсив басылымы хабарлады.

Облыстық сот төрағасы Нұрлан Қайырбековтың ақпаратына сүйенсек, 20 жылдық тәжірибесі бар судья өзі қарастырған іске қатысы бар кісілермен процестен тыс жүздескені үшін жұмысынан қуылған. Олар іс барысын тақылау үшін соттың үйіне келген көрінеді. Ал Сот этикасы кодексіне сәйкес, судьяның іске қатысушы тараптармен сот залынан өзге жерде кездесуіне тыйым салынған. 

Қазіргі кезде судьяға қатысты қылмыстық тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-тамағы "Аса ірі көлемде пара алды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша алынған пара көлемінен 50-60 есе мөлшерде айыппұл салу немесе үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған, - делінген таратылған ақпаратта.

Нұрлан Қайырбековтың айтуынша, судья 1,2 млн теңге көлемінде пара алған. Өзге деректер сот процесі аяқталғанша жарияланбайды. 

Айыпталушы бұған дейін Өскемен қалалық сотының судьясы, ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, ШҚО облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы қызметтерін атқарғанын белгілі.

Өзгелердің жаңалығы